0 дауыс
466 көрілді
Болашақта сайт ашқым кеп жүр. Әлде сайтты тел бағдарламашы ғана жасап, жұмыс жасай ала ма?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сайт ашу үшін сайттың не екенін білу керек

Сайт дегеніміз үлкен компьютердің (сервердің) жадысында сақталған веб парақшалар жиынтығы
жетілдірілген сайттарда қолданушы сұранысына сай веб парақшалар құрастырады.
сайт ашу үшін сенде домендік атау, сервер жадысында орын(хост), сосын сенің сайтыңды құрайтын веб парақшалар жиынтығы болуы керек. хостқа доменді тіркеп, ішіне сайт парақшаларын саласың, сайт дайын.
сайтты жазу деп сайт парақшаларын дайындауды айтсақ болады. қарапайым сайт үшін ХТМЛ тілін білсе жеткілікті. әдемілеуге СиСС немесе ЖаваСкрип жарайды. бұл тек әшейін сайт үшін, алғашқыда осыларменде едәуір сайттар жасалды. тек ұзақ уақыт керек.

ал дамыған сайттар белгілі технологияның көмегімен құрастырылады.
"сайт бес минутта" деген мақала көрдің бе? немесе уақытша тегін сайт. ол жерде хост пен екінші дәрежелі домендік атау тегін беріледі, және белгілі бір мерзімге. тегін сайт ашу дегенді естісең онда ол осылар
ал программисттер движок жазумен айналысулары керек деп ойлаймын. ал движок дегеніміз ол сіздің ақпараттарды қолдана отырып сіздің қалауыңыз бойынша сайт парақтарын құрастырып шығатын робат. жумлла деген движокпен жұмыс жасап көргем, қарапайым программалаудан хабары жоқ тұлғаларға сайт ашу үшін арналған.
өз ойымнан және жұмыс соңында мамандығымды сағынып отырып толқығандықтан болар не жүйе жоқ, не нақты ой жоқ болып көрінуі мүмкін, эх, жұмыстың бәрін лақтырып тастап тек сайтпен айналыссам ғо.... қазақ сайт едәуір алысқа шапқан болармеді... адам баласы тамақ, киім, коммуналдық қызметтерді пайдалануға мәжбүр болғанда, арман алыста қала береді.... арман болған Ай Әлемім... Аман болсам ашармын....
+1 дауыс
Админ осы сұрақ мағанда керек болып жүр еді жасырын (секрет) болмаса айтарсыз?
+1 дауыс
негізгі сайтты тегін ашып беретіндер бар сияқты))) менің достарым өздерінің сайттарын ашып алды шынына келетін болсақ
...