+1 дауыс
4.2k көрілді
Мысалы, қараңыз.
Сіз бұл жерде тілмен сөйлемейсіз.Тек клавиатураны басып қана "сөйлесесіз". Тіпті, виртуалда жуас, қой аузына шөп алмастың өзі виртуалды қарым-қатынаста "әңгімешіл" болып кетеді.
Сонда виртуалды сөйлесуді сіз сөйлесу деп санайсыз ба?Мұны қалай түсінесіз сонда?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Интернет аудиториясы әрдайым өсіп бара жатқандықтан, интернеттің қоғамға әсер ететіндігін жоққа шығару мүмкін емес. Интернет тек қана ақпарат көзі ғана емес, сондай–ақ адамдар коммуникациясының үлкен зонасы. Интернеттегі қарым–қатынастың өзіндік спецификалық ерекшеліктері болады. Бүкіл әлемдік желінің әртүрлі мүмкіндіктері пайдалану адмның психикалық қызметіндегі құрылымдық және функционалдық өзгерістерге әкеледі. Желідегі қарым–қатынас ерекшелігі екі түрлі феномен тудырады: біріншіден, интернет виртуалды тұлғаны жасау мүмкіндігі пайда болды; екіншіден, реалды қарым–қатынастың виртуалды қарым–қатынастан айырмашылығының бар болуына байланысты интернет–тәуелділігігіне жол ашылады. Біздің болжауымызша, интернет–тәуелділік тұтынушы тұлғасының психологиялық мәдениетінің төмен деңгейінің индикаторы болып табылады. Ал интернетті танымның құралы және байланысты үзбеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қабылдау тұлғаның психологиялық есеюдің, жетілудің кепілі деп санауға болады.
Интернет – технологияларды дамыту туралы сұрақтар алғашында Желіні утилитарлы контесті негізінде ғана қарастырылғанымен ол халықтың психикалық саулығы жағынан қарастырылуы тиіс. Алдын – ала сақтандыру бағдарламаларын, қалыпқа келтіру орталықтарын және көмек көрсету топтарын жасақтау қажет. Зерттеудің жаңа облыстарына кибер–тәуелді адамдарды анықтау мен олардың күйін бағалау үшін стандартты диагностикалық құралдарды дамыту енуі керек. Бұл болашақта Интернеттің басқа тұрақтанған әдеттерге (мысалы, алкоголизм, азарттық ойындар, сексуалды комплекстер) және психиатриялық күйлерге (мысалы, депрессия, маниакальды–депрессивті бұзылыстар, зейін тұрақтылығының төмендеуі).
Ғылыми-зерттеулердің мәліметтеріне сүйене отырып, «интернет–тәуелділігі» диагнозының негізгі 5 типін көрсетуге болады. Олар адамның  нақты нәрсеге құмар екендігін сипаттайды:
    1.           киберсекс;
    2.           виртуалды танысулар;
    3.           онлайнды биржалық сауда;
    4.           және азарттық ойындарға құмарлық;
    5.           компьютерлік ойындарға деген құмарлық.
Интернет–тәуелділігінің дәрежесін былайша анықтауды ұсынды:
    1.     Сіз өзіңізді Интернетпен уайым басқан адам ретінде сезінесіз бе?(алғашында болған он–лайн сеанстары жайлы ойлап, келесілері жайлы қам жейсіз бе?)
    2.     Желіде өткізген уақытты көбейту жайында қажеттілік сезесіз бе?
    3.     Интернетті пайдалануды шектеу немесе тоқтату әрекеттерін жасау кезінде өзіңізді шаршаған, қозулы, көңілсіз сезесіз бе?
    4.     Онлайнда өзіңіз белгілеген уақыттан артық уақыт өткізесіз бе?
    5.     Өміріңізде Интернет үшін жұмысқа, оқуға немесе жеке өміріңізге қауіп төндірген кездеріңіз болды ма?
    6.     Сізде жанұя мүшелері, дәрігерлер не басқа адамдардан Желіде өткізген уақытты құпия сақтаған кездеріңіз болды ма?
    7.     Интернетті проблемалардан немесе жағымсыз көңіл–күйден арылу үшін (мысалы, жәрдемсіздік, кінә, қозу немесе депрессия сезімдерінен) пайдаланасыз ба?
Пациент бес не одан көп сұраққа иә деп жауап берсе, онда Интернет–тәуелділігі бар дегенді білдіреді.
Интернетке қарым-қатынас құралы ретінде жүгінудің себептері:
 Реалды байланыстардың ішінде қарым-қатынастың жеткіліксіз болуы.
Мұндай жағдайларда егер де реалды өмірде сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мүмкіндік
туса пайдаланушы Интернеттегі қарым-қатынасқа қызығуды тез жоғалтады.
 Реалды өмірде белгілі бір себептер бойынша фрустрацияға ұшыраған эмоцияны бастан кешіру,
рольдерді ойнау, жеке тұлға сапаларын жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы. Берілген мүмкіндік желі арқылы қарым-қатынас жасау ерекшеліктері – анонимділік, төмен нормативтілік, адамды адам қабылдауының өзгешелігімен шарттас.
    Контактілер еркіндігі және қалаулылығы. Пайдаланушы байланысты өз еркімен бастайды немесе
тоқтатады, сондай-ақ оны кез-келген сәтте тоқтатуға ерікті.
    Қарым-қатынастың эмоционалды компонентінің күрделілілігі, мәтінді эмоционалды толтыруға тұрақты бағыттылық. Ол өз көрінісін эмоцияны білдіретін арнайы белгілерді ойлап табу немесе эмоцияны сөзбен сипаттаудан көрінеді.
    Нормативсіз, әдеттегіден тыс әрекет-қылыққа бағытталу. Көбіне тұтынушылар өздерін
реалды әлеуметтік нормадан тыс презентациялайды.
Егер де адам реалды қарым–қатынаста өз менінің барлық аспектілерін толық жүзеге асырса,
виртуалды тұлғаны жасау мотивациясы жоқ дегенді білдіреді. Бұл жағдайда Интернеттегі
қарым–қатынас негізгі қарым–қатынасқа қосымша ретінде болады. Алайда ол компенсаторлық,
орын басатын сипатқа ие болуы мүмкін. Бұл Интернет–тәуелділігінің қалыптасу кезінде пайда болады.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу – күрделі әрі жауапты міндет. Әр ересек бұл міндетті
 неғұрлым дұрыс орындауға тырысады. Дегенмен де «тең дәрежедегі ауыр жағдайда нәтиже
неліктен әртүрлі болады?» деген сауал өздігінен пайда болады. Ата-анасының үмітін ақтауға
тырысқан бір жасөспірімдердің үйренгені ересек өмірде тиімсіз болып шықса, басқалары үмітті
ақтамай-ақ, талаптарды орындамай-ақ өз тәрбиешілерінен асып түседі.
...