+1 дауыс
1.5k көрілді
Мені доллар туралы сұрақ мазалайды. Долларды қай кезден бастап қолдана бастаған?Долларды кім ойлап тапқаны жөнінде кеңірек мәлімет берулеріңізді сұраймын

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап


АҚШ доллары (ҰСД) — Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Австралияның (Австрия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады. 1 доллар 100 центтен тұрады. Ең алғашқы доллар АҚШ-та 1786 ж. күміс (24,34) доллар ретінде енгізілген. 1900 жылдан бастап долларға таза алтынның 1.50463 грамы теңестірілген. 1934 ж. доллар девальвацияға ұшырап, 40,94%-ке құнсызданды. Оның алғашқы алтындық баламы 1,6 г болса, 1900 ж. 1,5 г төмендеп, 1934 ж. таза алтынның 0,888 гр-ы болып белгіленді. Кейінірек долларлық шақалар айналыстан шығарылып, банкноттық ақша белгілерімен ауыстырылды. 1954 жылдан бастап АҚШ-тың төлем балансының үздіксіз тапшылығына, алтын қорының азаюына және құнсызданудың үздіксіз көтерілуіне байланысты доллардың сатып алу қабілеті төмендеді. 1993 ж. 1 доллар 0.1039 грамм алтын шамасында болды. Бүгінде айналыста 100, 50, 10, 5, 1 долларлық федералды резервтік билеттер және 10, 5, 2, 1 долларлық күміс сертификаттар, 10, 5, 2, 1 мыс-мырыш центтері пайдаланылады.
Рахмет! Сіздің жауабыңыз арқылы көп мәлімет алдым!!!
...