Сізге мен жауап беріп көрейін.
1.Орысша жазғанда "держи взгляд".Яғни, адамның көзіне қарап сөйлесуді біл.Адам басқа адаммен сөйлесіп тұрғанда уақыттың 70 % -нде көзге қарап сөйлесуі тиіс.
2.Және адамдармен еркін сөйлесе беруге тырыс.
3.Адамдар өздері жайлы әңгімелескенді ұнатады.Осыны біл.(әрине, әңгіменің ауаны жағымды болған жағдайда)
4.Әңгімелесуші адамға қызықты болуың керек.Егер, адамдар сенімен сөйлескен көңілді деп санаса, олар өздері-ақ жаныңа келеді.
5.Инициативаны өз қолыңа ал.Үйде болсаң, біреумен әңгімелескің келсе, телефонмен хабарлас, СМС жібер, кездес.
6.Әрқашанда басқа адамдардан шақыру алуға тырыс.
7.Бұрышта отыра берме.Басқа адамдармен еркін сөйлесе бер, ұялма.10-нан 9 жағдайда адамдар сенімен әңгімелесуі мүмкін.
8.Әңгімелесуші адамдарды өзгертіп отыр.Тек бір адаммен ғана емес, басқа адамдармен де қарым -қатынас жаса.
9.Оптимист бол.Адамдар тұнжыраған жүзден гөрі, жымиған бетке көп көңіл аударады.