+1 дауыс
7.1k көрілді
үйдің төбесі көктеп кетсе оны қалай  кетіруге болады енді көктемейтіндей қылып

1 жауап

0 дауыс
Ылғал тартып тұрған болуы керек. Көбіне, үйдің ішіне жылу  жеткілікті жетпегенде болады.
Үйге ауа кіруі мүмкін төбедегі жарықтарды бітеген дұрыс. Және жылуды көбейту керек.
Ақталған үй болса, бірнеше рет ақтаған соң кету керек!
Мына мәліметті қарап көріңіз ( http://www.aorda.kz/?p=13584 ):
Кейбір үйлердің қабырғасы көгеріп, бөлмелерден жағымсыз иіс шығып тұрады. Мұндай жағдай ылғалды үйлерде жиі кездесетіні белгілі. Бұл қолайсыздықтан дер кезінде құтылмасаңыз, денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан төмендегі қарапайым қағидалар мен тәсілдерді дұрыс қолдана білсеңіз, қабырғалардың көгеруіне жол бермейсіз.
●Біріншіден, бөлмеде ылғалдың көбеймеуін қадағалаңыз. Оны жиі желдетіп тұрыңыз.
●Бөлмедегі жиһаздарды дұрыс орналастыра білу керек. Олардың қабырғаға аса жақын орналаспағаны маңызды. Әйтпесе оның артындағы ауа айналымы нашарлайды да, ол жер буланып, су тамшыларына айналады. Мұндай жер тез көгереді.
●Ыдыста өсірілген гүлдердің бөлме ішінде тым көбейіп кетпеуін қадағалаңыз. Өйткені олар да «демалу кезінде» ылғал бөледі. Алайда кеуіп, құрғап кеткен гүлді де сақтамаңыз, мұндай гүлдерден де зиянды микробтар бөлініп, бөлменің көгеруіне себепші болады.
●Шаң көтерілмеуі үшін бөлмені сулы сыпырғымен сыпыратын адамдар жиі кездеседі. Бұл да қабырғалардың көгеруіне өзіндік себебін тигізеді. Әсіресе дымқыл сыпырғыны бөлмеде сақтамаған дұрыс, себебі ол да зиянды микробтардың тез көбеюіне жағдай туғызады.
●Үй ішінде дымқыл заттарды кептіруге әдеттенбеген жөн. Сондай-ақ бөлме температурасын ұдайы бірқалыпты ұстауға тырысыңыз.
●Пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізгенде қабырға сылағына негізінен цемент пен әкті көбірек қолданған дұрыс. Мұндай құрам булануға, суға өте төзімді келеді, сондықтан қабырғаның көгеруіне жол бермейді.
●Қандай да бір себептермен көгере бастаған жерлерді мүмкіндігінше тазалап отыру керек. Тазалау кезінде қабырғаның  бүлінген тұсын толықтай қырып, кір жуу ұнтағы қосылған сумен ұқыптап жуады.
● Көгеріп кетпеу үшін есік-терезелерге, жиһаздарға кендір май (олифа) жаққан дұрыс. Бұл майдың жасанды болмағаны маңызды. Әйтпесе ол күн ыстықта еріп, қолға жабыса береді.
●Көгерген жерді тазартуға кәдімгі ас содасы мен сірке суын да пайдалануға болады. Ол үшін көгерген жерге сода сеуіп, үстіне сірке суын бүркеді. Бұл қоспа көпіршіп, «түтіндеген» кезде көгерген жерді темір щеткамен ысқылап кетіріп, содан соң тазалап жуып алады
...