Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі міндеттері – жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. [1] Ал жалпы "Бұқаралық ақпарат құралдары" деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді. 1. Бұқараға бағыт немесе арнау. Яғни барлық ақпарат мәселелері қоғамға, халыққа, көпшіліктің аудиториясына арналмақ, олармен тікелей байланыс орнатылмақ. 2. Бүкіл ақпарат көпшіліктің сұраныс - қажеттілігін, талап-талғамын қанағаттандыру үшін берілмек. 3. Қоғамдық істерге байланысты әрі халық күткен мәселелерге белсенді позиция ұстап, соған жұртты жұмылдыруға атсалысу болмақ. 4.Көпшіліктің пайдалануына ақпараттың тиімді, қолайлы әрі арзан болуын қарастыру. Жұрт ақпаратты қиналмай қабылдайтындай болу керек. 5. Жұртшылықтың бәрі бірдей және тұрақты түрде ақпарат хабарларды алып отыруға мүмкіндік туғызу. 6. Қажет еткен жағдайда әркімнің ақпарат орындарына қатысуына жол ашy т.б.