Соны білудің саған қажеті қанша? Егер сүймейсің дегенін дәлелдегің келсе, дәлелдеп аларсың мүмкін, одан пайда не!? Көзіңді жеткізіп алып қуанасың ба? Жоқ, жабырқарсың, қиналарсың, өзіңе деген сенімсіздік пайда болады. Жалпы, шамасы сен оның сүйетіне емес, өзіңе сенбейтін сияқтысың. Маған сен, егер ол саған деген оң көз-қарасы болмағанда сенімен жүрмес едім.
Негізі қызбен қарым-қатынас
1.Танысу
2.Кездесу
3.Қоштасу
4.Кездесуден алған әсер мен толқу
5.Соған сәйкес бәлкім қайта оралудан тұрады.
Қоштасу ерте ме кеш пе болатын құбылыс, сен оны қинап ұстап жүре алмайсың ғой, ол сенің басыбайлы адамың емес. Барынша еркін бол. Сөйлесуден ләззат ал. Оның және өзіңнің жүйкеңді тоздырудан қажеті қанша!? Сондықтан барынша осы қарым-қатынастарыңнан оң әсер ал. Сонда ғана кейін өмірлік жарыңа айналады, немесе тәтті естелік болып қалмақ.