+1 дауыс
1.4k көрілді
қыз балаға психолог мамандығын таңдаған дұрыспа қалай ойлайсыздар?осы мамандық жайлы білетіндеріңіз болса айта кетсеңіздер?Және де қыз балаға қандай мамандық таңдаған жөн деп ойлайсыздар?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жақсы мамандық қой,маған ұнайды.Қыз балаға жарасар еді. Сізге азымыз мәлімет...
 Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтар қатарының бестігіне кіреді-мыс. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда – білім, бизнез, саясат, басқару, медицина, жарнама т.б. Ғалымдардың болжауы бойынша XXI ғасыр – психология ғасыры болмақ.

   Төрт жылдық білімнен кейін психология бөлімінің түлектері мына салаларда қызмет ете алады:

  Жоғарғы және орта оқу орындарында психология пәнінің оқытушысы; Ғылыми қызметкер;
 Фирмалар мен банктерде психолог-кеңесші;
 Практик психолог;
 Денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде, отбасы қызметтерінде практик психолог;
  Мемлекеттік басқару органдарында және қоғамдық ұйымдарда кеңесші-психолог;
 Заң мекемелерінде және соттық-психологиялық сараптамада психолог-сарапшы;
 Әскери және құқықтық мекемелерде тәрбиеші-психолог;
 Әр түрлі ұйымдардың кадр таңдау қызметінде персонал бойынша менеджер;
 Ішкі істер министрлігі органдарында психолог;
  Имиджмейкер, саяси психолог;
Әр түрлі әлеуметтік саладағы психолог. [*алынды][1]*


  [1]: http://kaznu.kz/kz/3223/
Рахмет)Жауабыңызға ризамын)
Көмегім тисе,болғаны...
0 дауыс
Психолог деген керемет мамандық қой. Өзіме ұнайды. Адамдарға қажетті саланың бірі. Психолог болсаңыз да, басқа болсаңыз да сізге сәттілік тілеймін Алладан. Аңсаған арманыңызға жетіңіз.
Аумин.көп рахмет!Сізге Алланың нұры жаусын)
...