+2 дауыс
1.5k көрілді

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тарихы

ХХ ғасырдың басында халықаралық футбол додалары көбейген соң, олардың бәрін ұйымдастырын және басқаратын ұйым құру керектігі сезілді. Басында бұл жұмысты ағылшын футбол федерациясы бақылаған. Содан кейін басқа жеті Еуропа мемлекеті 1904 жылы маусымның 21 Парижде ФИФА ұйымын құрған. Бұл ұйымның бірінші президенті болып Робер Герен сайланды.

ФИФА ұйымдастырған бірінші турнир 1906 жылы өтті. Бірақ бұл шаралар онша сәтті болмағандықтан, Геренді ағылшын Дэниел Вулфолл ауыстырды. Келесі футбол турниры 1908 жылғы Лондондағы Олимпиадада өткен. Ондағы бір қиыншылық — Олимпиадаға кәсіпқой футболшылардың қатысуы.

Ал 1909 жылдан бастап ФИФА-ға басқа құрлық өкілдері кіре бастады: ОАР — 1909 жылы, Аргентина — 1912 жылы, АҚШ — 1913 жылы.

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде көптеген футболшылар соғысқа аттанды, ал қалғандарына турнирлер өткізу өте қиын болды. Соғыстан кейін Вулфолл қайтыс болды, ал оның орның голландиялық Карл Хиршман басты. Бірінші Дүниежүзілік Соғыс нәтижесінде ФИФА-дан британиялық барлық футбол федерациялар шығып кеткен. Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін өзінің дамуындағы жаңа кезеңіне өтті. ФИФА-да енді барлық құрлықтан өкілдер болған. Ұлыбритания мен КСРО ұйымға қосылды. Футболдың дамуына телетрансляциялар көп ұлес қосқан. Қазір ФИФА жақанды ұйымға айналды. Оның үлкен қаржылық кірістері телетрансляция және түрлі футбол өнімдерін сатудан тұрады.

УЕФА (ағылш. Union of European Football Associations — Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы) — Еуропа мен бірнеше Азия футболының әкімшілік және меңгерушілік ұйымы. Ол Еуропа елдерінің футбол қауымдасытықтарын біріктіреді. УЕФА барлық Еуропаның клубтық және кұрама жарыстарының ұйымдастырушысы.

УЕФА - ФИФА ұжымына кіретін 6 континенттік аймақтың бірі және ең байы. Әлемнің барлық дерлік футболшылары осы Еуропада ойнайды, өйткені ең көп еңбек ақы төлейтін осы Еуропа командалары. Әсіресе Англия, Испания, Италия, Германия елдерінде көп табысқа жетуге болады. Және де әлемнің ең мықты ұлттық құрамалырының көбісі де осы УЕФАда. Мысалға 2010 жылғы әлем чемпионатына УЕФАдан 13 құрама қатысты.

УЕФА 1954 жылы маусымның 15-і күні Швейцарияның Базель қаласында құрылды.Алғашында УЕФАға 25 ел кірген. Қазір оның саны 53-ке жетті. 1959 жылға дейін УЕФАның штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан, Берн қаласына ауысып кетті. 1955 жылдан бері УЕФАның штаб-пәтері болып Ньон қаласы саналады. УЕФАның алғашқы президенті болып Эббе Шварц сайланды
...