+1 дауыс
1.2k көрілді
Мен бір әдетке ұшыраппын. Бұрын ондайым жоқ еді, соңғы кездері адемі жігіттерді көрсем болды ғашық болып, соны ұмыталмайм.  Қазір маған жігітті ойлауға болмайды, бірақ сонда да қойа алмай жүрмін .Сол әдетті қалай қоюға болады.

7 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Исламдық тұрғыдан кеңес берер болсақ, бірінші кезекте

 «Адам баласы осал жаратылды» – деп Құранда айтылғандай, әр адам өзінің осал тұстарын жақсы білуі тиіс. Яғни, «мен қателеспеймін» деген ойдан барынша аулақ болуы керек.

Мұқағали ақынның:

Сүрініп кетпе!

Сүрініп кетсең болғаны,

Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады.

Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы.

Аңдамай басып,

Сүрініп кетсе болғаны, – деп жырлағанындай, өмірде сүрініп кетудің аяқ асты екенін үнемі қаперде ұстап, иманын күшейтіп, өзіне үнемі құдіреті шексіз Аллаһтан медет, жәрдем тілеп жүруі қажет.

Бұған қоса, «Бойыңда бір жаман дағды пайда болғанда, онымен бүгін күреспесең, ертең күреспейтін боласың. Сөйтіп ертеңнен-ертеңге қалдырып жүргенде, тіпті оның нашар екенін сезінуден де қаласың. Күнә істеп тұрғаныңды да байқамайтын күйге түсесің» деп батыстық ойшыл Эпиктет айтқандай, жаман әдеттің жолына тосқауыл қоярда  уақыт оздырмау қажет.

Жаман әдеттің соңы неге ұрындыратынын байыптап, тигізер зардабын жақсы білу керек.

Өзіне сын көзбен қарауды күшейтіп, рухани ілімін молайтып, шайтанның азғыруына жол бермеудің амалдарын жасау да маңызды. «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» демекші (Абай), ол үшін жұмыссыз бос отырмау қажет.

Жақсылардан үлгі алып, ұнамды әдеттерге ғана еліктеуге дағдыланған жөн. Жаман әдетті бастапқыда оңай бастағанмен, соңында одан оңай құтыла алмайтынын ескеру керек.

Жаман достардан алыс жүру де жаман әдеттен бойды аулақ ұстауға жатады.

«Қателескендердің ең жақсысы – дереу тәубе еткендер», «Мінез-құлықтарыңызды түзеңіздер» деген хадистерді басшылыққа алу, салиқалы ғұмыр кешу жолында қиғаш тартқан қиялдардың жетегінде кетпеуіңізге септігін тигізеді.

Сөзіміздің тобықтай түйіні – «жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену». Өйткені дағды – адам баласына жақсы қасиеттерді үлгі етіп, бойына сіңіру үшін берілген қасиет. Нашар қылықтарға үйір болғандар өмір бойы орны толмас өкініштерге ұрынып жатса, ал жақсы қасиеттерді үлгі еткендер екі дүниеде де сый-құрметке бөленбек.
+1 дауыс
*Әдетті қою мүмкін емес,қазақта "Ауру қалса да,әдет қалмайды" деген мақал барғой,тек ойыңызды басқа  жаққа жібергеніңіз жөн!*
0 дауыс
құтылуға болады ғой егерде өзің ұмтылсаң
0 дауыс
жігітке қарсы деген дәрі бар соны қабылдап көр мүмкін әдетіңді қоярсың
0 дауыс
бесполезно қазақша айтқанда далбаса.Құтыла алмайсың.
+1 дауыс
бул гашыктык емес. жасынызга байланысты болатын кубылыс. уакытша сезимдергой
0 дауыс
Иа одан арылу кыйыннан кыйыны
...