Ортаға қойылып отырған сұрақтар өте дұрыс,бұл әр бір жанның көкейінде жүрген сұрақ екені рас,Ал енди өз ойымды айтар болсам,елімізде түсіріліп жатқан кино,сериял тіпті видеоклиптарға ризамын.Өзіміздің минталитетімізде бар,қанымызға сіңген дастүрлеріміз бен қасиеттерімізді әлі күнге дейін дәріптеп келеді.Мәселен Индира,Қарақат,Арнау,мадина...т.б оларға шексіз ризамын.Ал бүкіл халыққа ұсынылып отырған шет елдік телехикая,сериял,тіпті өлең,видеоклиптерине де айтар сыным көп.
Түрік киноларын елімізге ұсынудан бас тартсақта болады.Барлық кинолары дерлік кекшілдікке үйретеді.Адам өлтіру,жұбайын алдап кетумен оның туған туыстарымен үйлену (мезгілсіз махаббат,махаббат және жаза,кешір мені... ) бұл-өмірдегі жаман қасиеттер емеспе? Және анайы видеоклиптары да жетерлік.
Ал кәріс және қытай сериялдары да қалыспайды.Жастары әсіресе қыздары ішімдіктен бас тартпайды тіпті өз аға әкелеріменде бір дастархан басында іше береді.Дастарханға деген құрмет мүлдем жоқ.Тамақ ішу жүйесін айтпасақта болады .Ф4 ,Бастықты қорғау керек...өздерін жақсы күтетінін есепке алмасақ өңкей жын-сайтандар,өзін-өзі ұстауы өте нашар.Сонымен қатар жастарды бизнес,жұмысқа шақырады.Қыз балдарына тек 25 -30 дан асқанда ғана тұрмыс құруға рұқсат береді.Бұл біздің мәдениетімізге тура келмейді.Солардың салдарынан елімізде тұрмыс құрмай жұмыс басты болып кеткен қыз-балдарымыз өте көп.
Үнді хикаялары кәріс елімен антоним десек те болады,жастайынан қыз ұзату бұл-сұмдық іс.Құдаларының қарым-қатынас дәрежелері төмен.Жалпы үнді елі қыз баланың сауаттылығына жауапсыз.Бұл қазірге дейін жалғасып келеді.Америка,түрік киноларына қарағанда үнді елі азды-көпті тәлім-тәрбие бере алады.
Сонымен тоқсан-ауыз сөздің тобықтай түйіні тек өз еліміздің кинолары ғана бізге тәрбие бере алады.Өзіміздің кино әлемімізді жамандап,сын таққанымыз-өзімізге тікелей байланысты екенін ұмытайық ағайын!
Осы сайтты ашқан жанға айтар алғысым шексіз.Сізге ризамын!!!