+1 дауыс
1.1k көрілді
Я  қыздар  бұл сұрақ сендерге...Мен білем қазір көбің жазасыңдар мен үшін сезімі деп бірақ жеме жемге келгенде байлықты таңдайсыңдар.Көпке топырақ шашпаймын арине,арамызда ондай қыздар көп.Негізі қыздар өз болашағын ойлайды.Қымбат көлік,зәулім уй,сапалы киім ол барлық қыздың арманы.Сондықтан ол бай бала қызды жақсы көрмесе де қыздар жабысып айрылмай қалады...Жарайт делік олар үйленді арада уақыт өтті  сол кезде өзінің сезімін бағалата алмаған қыз қатты өкінеді.Қыздар ойланып жауап беріңдер,ал балдар біз бақылап тұрайық...2 бөлмелі  үйде тұратын ақылды жігіттерге кім тұрмысқа шығады сонда?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине, ен бірінші шынайы сезім керек. Екі жас бір - бірін шынайы сүйіп қосылса, ол екеуіне алмас қамал жоқ деп ойлаймын. Ал, зәулім сарай, қымбат көлік, сәнді киім бір күндік дүние ғана.  Өлген соң бәрі артыңда қалады. Бұл 5 күндік жалған дүниеде шынайы сезіммен бақытты болып өткенге не жетсін!?
+2 дауыс
Жігіт бойынан ең бірінші өзіме деген шынайы махаббаты керек,себебі байлықтан ештеңе ұта алмайсыңғой!Сезім бар жерде махаббат та болады,ал байлыққа қарау бұл шынайы махаббатқа жатпайды!Нақты жауап бердім деп ойлаймын!
+3 дауыс
Сүйем деп қосылған екі жастың арасында, ақшаның жоқтығынан, жағдайының жоқтығынан , ұрыс туып бір-біріне деген сезімдері өшуі, арада кикілжіңнің болу  мүмкін ғой.  Олар үйленгеннен кейін міндетті түрде бала -шағасы болады, ана деген баласының жағдайының жақсы болғандығын, жақсы өмір сүргендігін ештеңеден тарықпағанын қалайды.Үйдің басшысы ер адам болғандықтан отбасы жағдайын жасауға міндетті. Сүйем, күйем,-деп біреудің аялап отырған қызына үйленіп артынан жағдайын жасай алмаса, ер адам несіне үйдің басшысы болғаны. Ал байлыққа келсек байлық жарайды ата-анасынан қалсын .Ол жігіт бірақ ақылы жоқ болса, ол байлықты ұстап тұруы мүмкін емес. Ақылды адам ғана байлықты ұстап тұра алады.  Ақыл болмаса ол түптің түбінде ол байлықтан да айырылары сөзсіз ғой.  Ал сіз айтасыз "2 бөлмелі үйде тұратын ақылды жігіттерге кім тұрмысқа шығады сонда?"  ақылды болса егер, ол айтеуір  бір жерді жарып шығады.  Бұл арине менің пікірім ғана.
келісем)))))))))))))
+1 дауыс
өз басым байлыққа құмарым жоқ, білем бұл байлыққа барар жол алыста емес, басыма келеттен түскен байлық  бақыт деп бағаламаймың, өз қолымен жеткінді қалаймың ,сонда ғана мен ақшаның құдыретің, оның қаншалықты ашты улары бар екенің, осыған бара жолда төтеп бергім келеді, Байлық тек ақшада емес екенің барлығымыз білеміз, сонда да Барлығымызды бақытты қылатың ақша,Ең бастысы адамгершілігімді жоғалтпаймың,
 өмірде адамдар әр түрлі болады, бірі байлықпен бақытты болсы, бірі тек күннің шуағымен бақытты ғұмыр кешеді. Қандай болсада мәйлі бай не кедей  маған бәрі бір, Ең бастысы мені шын тәнімен сүйсе болғаны, бірге оянған күндеріміз мен үшін байлық болмақ.
+1 дауыс
Сұлулығын сатқан қыздар, сендерді бай жігіттер/шалдар шынымен алады деп ойлайсыңдар ма? Егер экономика тіліне салса, сауатты және байлыққа жеткен жігіт былай дер еді:

"Америкалық форумдардың бірінде мынадай жазба жазылған көрінеді:

«Мен - көрікті, көңілді, ақылды қызбын. Мен жылына кемі 500 мың доллар ақша табатын жігітке тұрмысқа шыққым келеді.»

Осы арада бір жас қаржыгер бұл сұраққа ерінбей былай жауап береді:

«Сенің постыңды оқу маған қызық болды. Менің уәжіме назар аударасың деген ойдамын. Сенің ұсынысың мен сияқты сауатты қаржыгер үшін өте сәтсіз болатын ұсыныс болып табылады, неге дейсіз ғой. Қысқасын айтсақ, сен өз сұлулығыңды менің ақшама айырбастамақсың. Тамаша. Бірақ, сенің сұлулығың уақыт өте келе қартайған сайын жоғала бастайды, ал менің айналымдағы, банктегі қаржым уақыт өте пайыз көрсеткіші арқылы қарапайым геометриялық прогрессия формуласымен өсе береді. Әрине, менің қаржым құрып кетуі де мүмкін екенін жоққа шығармайық, бірақ бұл сен жыл санап әдемілене бересің деген сөз емес қой! Экономика тілінде, сен - құнсызданатын активсің, ал мен - құны жоғарылай беретін активпін. Айталық, сен жәй ғана құнсызданатын актив емессің, сенің құның жылдам жоғала бастайды, сөйтіп 10 жылдан соң саған ешкім де қарамайды. Демек, сұлулығыңа бола сатып алу (өзің қалап тұрғандай) - нашар бизнес, сондықтан мен сені уақытша жалға алар едім. Егер менің сөзім қатты тисе, менің ақшам жоғалғанда сен де мені оп-оңай лақтырып кете алатыныңды ескеріп қой. Сондықтан, әділі активтің пайдасы бар кезде ақысын төлеп пайдаланып, жоғалған кезде құтыла салуым керек. Бұл оңай жасалады. Сондықтан, ақшаға тірелген экономикалық сауат бойынша, сенімен тек кездесе аламын, бірақ үйленбеймін. Саған көмектесе алдым деген ойдамын. Егер жалға алу туралы ойымды құп көрсең, хабарлас! »"

P.S.: Шын сүйіп, бақытты өмір кешуге тілектеспін, достар!

Ізгі ниетпен!

http://vk.com/nurzhol.tabigat?w=wall210365689_1366%2Fall
0 дауыс
Жоқ енді қыздар болашағын ойлағаны дұрыс. Отбасын асырай алатын болса ғана үйленген дұрыс, қазіргі ажырасудың басты себебі тұрмыс жағдайына келіп тіреледі.
...