+1 дауыс
504 көрілді
Қабыр басына қойылган тасты қайта өңдеуге бола ма? Таяуда жездеміз қайтыс болды ,Нақтырақ айтқанда.05.06. 2012 ж.  жалгыз қызы Турцияда іс сапарда жүр еді,жездем
іздің  туыстары тасын қойыпты.Естімеген елде көп деген, қызы мен әйелін жазбапты.Туған туыстары деп қана жазылган.Бұл діни сұрақ деп ойламаймын, жай сұрақ ретінде жауап берсеніздер.  Қызы келгенде не істей алады?

1 жауап

+1 дауыс
Негізі қазақтарда "Қабірді жаңғыртпайды"-деген түсінік бар, оның себебі қабір уақыт өте келе табиғатпен қойындасып өз-өзінен жермен бірдей болып кеткені жақсы екен. Ал қойылған тасқа келсек жездеңнің туыстары ақылды адамдар екен, дұрыс істеген.  "Туған-туыстарынан"-деген сөз барлық жақындарын қамтиды, әйелі мен қызы да соның ішіне кіреді. Адамдар арасына жік салып бөлектеу жақсы қасиет емес. Шын мәнінде жездеңіздің қызы сіздерге қарағанда туғандарына жақын,сондықтан олардан бөліне қоймас деп ойлаймын. Бөлінсе де ешнәрсе істей алмайды, көп болса анасы екеуінің атынан қосарлап басқа құлпытас қоя алады. Бірақ оны ақылы бар адамдар қабылдамайды,елге жексұрын болады, азғана ақылы бар адам ондайға барып әруақты мазаламайды, әрине егер оған жау болмаса. Сонықтан да құран оқытумен шектелгені дұрыс.

P.S, Сұрақты қатесіз жазуға тырысыңыз, кішкене ғана сұрақтан 61 қате өңделді,бұл масқара.
Жазғаныңды . жарияламас бұрын. Қателерды осы жерден тексертып алатн амал бар ма? Себепсіз, масқара. дегенды естымес едым.Мен ешқашан мектепте оқмадым,Қайта өз бетымше осылай жасай алғаныма қуанамын!
...