+1 дауыс
8.4k көрілді

2 жауап

+2 дауыс
http://video.nur.kz/kk/channel=3700&page=3  осы  клипти көрген соң жүрегін елжіреріне күмәнім жоқ!
0 дауыс
11k қаралды Балалар үйінің терезесінен үнемі сыртқа қараймын да отырам. Сол сырттан әлдекімді күтем. Әлдекім деген мама, ол сенсің. Білесің бе, мама? Үнемі орындығымды осында әкелемін де сені күтіп отырам. Мам, мен сені сондай қатты сағындым. Ал кейде ...түсімде шашы ұзын әйелдің сұлбасын көрем. Оны өзімнің анам деп, артынан жүре бергенімде, сұлба ғайып болады. Кейін оның жай ғана түс екенін біліп, жылап та алам. Білесің бе, мама? Еше мені тәрбиеші апай ұрды. Жо жоқ, ештеңе істегенім жоқ. Тек жай ғана дәл осы жерде сені күтіп отырғам. Кенет сырттан жүзі жылы әйел бейнесін көріп, оны өзімнің анам екен деп, мені алып кетуге келді деп, менің осы жерде отрғанымды қаламадығой деп: -МАМА! МАМА!МАМА! Мен мұндамын, мама!! Деп айғайлай бергенімде терезе алдындағы гүл жерге құлап қалды. Тәрбиеші апай көріп қоймасыншы деп тез тез жинай бастағанымда тәрбиеші апай келіп қалды да ұра жөнелді, мама -Апай, кешіріңізші, байқамай қалдым дегеніме қарамастан ұра берді. Мама, білесің бе сол апайдың маған не дегенін? -Әй жетімек, сен әке шешеңе керек болмағанда, маған қайдан ғана керексің? Деді де ұра берді... сол апайдың ұрғаны мына жер, мына жерім...көгеріп ауырып барады, мама.... Мама,мені мына жетімдер үйінен қатты қиналып кеттім. Өтінемін! Кел де мені алып кетші, мама! Уәде берем. Бұзық болмаймын, мама! Адам емес, хайуан да өз баласын қорғаштай береді емес пе? Сен хайуан емес, адамсың ғой ,мама! Сен менің анамсың ғой, мама! Тәңірім, кішкентай ғана бала жүрегіммен жалынып сұраймын! Менің анашыма титтей болса да мейірім шуағын төкші! Сөйтсін де бұл жерден құтқарсыншы.... Осы тірлігімді қабыл алшы, мама....Мама, мама , мен сені сооондай қатты сағындым, мама(
...