+3 дауыс
626k көрілді
Мәңгі жарық күн сыйлаған маған
Бір адам бар ол өзіңсің ана
Мейірімге бір өзіңнен қанам
Жылуды да жүрегіңнен алам
Ардақты ана, аяулы мама

Суық күнде тоңбады ма деп
Әлде жолы болмады ма деп
Жалғызсырап қалмады ма деп
Мені ойлап қам жемеші мама
Саған тартқан менің күлгенім
Сенің арқаң шалқып жүргенім
Қасыңдамын, әркез біргемін
Мені ойлап қам жемеші мама
Мені ойлап қам жемеші ана

Сен қуансаң мен бірге қуанам
Саған ғага сенемін, жұбанам
Аспандағы ай-күнімсің маған
Баға жетпес байлығымсың ана
Ардақты анам, аяулы мама

Суық күнде тоңбады ма деп
Әлде жолы болмады ма деп
Жалғызсырап қалмады ма деп
Мені ойлап қам жемеші мама
Саған тартқан менің күлгенім
Сенің арқаң шалқып жүргенім
Қасыңдамын, әркез біргемін
Мені ойлап қам жемеші мама
Мені ойлап қам жемеші ана

Ана туралы өте жақсы тақпақ керек еді?

19 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
        “Анашым” – деп балаң жырын арнаған
        Неге ғана естімеген тәтті үнін
        Анам менің – өмірдегі тірегім
        Анам менің – кеудемдегі жүрегім
        Егер менің қасымда сен болмасаң
        Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
2. Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
+3 дауыс
Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,
Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.
Осынау дөңгелеңген дүниеде,
Жан АНАМ, кім бар сендей қымбат маған?!
Тамаша ақынан асқан тақпақ
+2 дауыс
Аналарға.

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
© Естеу Нүсіпбеков
<br>
Шумақтап қана жаттаса да қуаныш.
+3 дауыс
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.
Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.
Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВ
керемет өлең жолдары
+1 дауыс
Ана деген – ұлы есім!

О, Ана!

Неткен ұлы есім ең!

Тұрса да қажып тағдыры,

Бар шаттығым – бала деп,

Тәнін торлап таң нұры,

Мін бақпай ұрпақ өсірген.

Бар қатені кешірген,

Жасайды мәңгі аруана

Жалғасып тарих көшімен.

Асаудай асыл бейнесі,

Кетпейді адам есінен.

Баласын басса бауырына,

Нәр тамған ақ төсінен.

Бармақтай жатқан бақытты

Артық көрген өзінен.

Ол – сәби, сонда жылайды,

Ынтызар көмек сұрайды,

«Іңгә» деген сөзімен.

 

О, Ана!

Неткен ғажап есім ең!

Сен дегенде елжіреп,

Сен дегенде көсілем.

Сен дегенде шалқимын,

Болаттай жанып, балқимын.

Ақшақардай айналып,

Қыл гүліндей жайқалып,

Самалың боп аңқимын.

Сен үшін тартып тауқымет,

Найзағайдың ұшқынын

Жүрегіме шаншимын.

 

О, Ана!

Неткен жеңіл есім ең!

Үш әріптен құралып,

Үш жүзді жалғастырып ең.

Мәңгіге мұрағаттаулы

Баға жетпес шежірең.

 

Тыңдаушы, бір сәт елең ет!

Айтуға жеңіл емес пе?

«Ана» деп тіл қат, керемет!

 

О, Ана!

Неткен асыл тұлғасың!

Қиын кезде мұңдасым,

Қуанышты сәттерде

Өзіңсің тағы жырласым.

 

О, Ана!

Мейірімді жан едің!

Бір қолыңмен бесікті,

Бір қолыңмен әлемді,

Тыныштық бағып тербедің.

 

О, Ана!

Шабытымды шарпыдың,

Жағаладым жалыныңды.

Қасиетің ба, қадірің ба?

Идірдің алпыс екі тамырымды.

 

О, Ана!

Тірегім де өзіңсің,

Жүрегімде өзіңсің,

Айтатын әркез сөзімсің.

Өзіңсің ана, өзіңсің,

Аз қызыққа мәз болған,

Көкірегіңе наз толған,

Жатқа кетсем төрімсің.

Іс бастаған оң қолдан,

Бата беріп оң жолдан,

Құлыным дейсің аймалап.

Айналайын, ана жан,

Мадақтауға тұлғаңды,

Жалықпаймын қайталап.

Дұрысымды асырған,

Бұрысымды жасырған,

Мен гүл болсам қырмызы,

Сенсің ана – жайған бақ!

 

О, Ана!

Неткен байтақ едің сен!

Жер анадайсың керілсең.

Иен құшағың бірде тар,

Бірде шексіз, бірде жар,

Қасиетіңнен айналдым!

 

Бұрымды шашың толқындай,

Майланған өзен сияқты.

Жанарыңа жас толмай,

Бастаудан бойлап ол ақты,

Кей кезде таңғы шықтардай,

Тұрады мұңмен мөлдіреп,

Кірпігіңе жармасып,

Үзілейін деп үлбіреп.

 

О, Ана!

Неткен қамқор жан едің!

Білегіңді сыбанып,

Әлденеге қуанып,

Тынып таппай жүресің.

Қабақты да шытасың,

Жібек көйлек кепкенше,

Сондай жайлы мінезің!

 *

 

Анама

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,

Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?

Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.

 

Ана, жаным, жүре берші қасымда,

Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?

Әркез маған бата беріп жол нұсқап,

Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».

 

Сұм тағдырды кешіп өттің басымнан,

Сондықтан да ширақ болдың жасыңнан.

Кешір ана, қателессем кеше көр,

Бірақ алыс кете көрме қасымнан.
Ана туралы әңгіме емес  ана туралы өлең
АВТОРЫ ЖАЗЫЛМАҒАН ЕКЕН
0 дауыс

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым - сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

0 дауыс
Анам анам ак анам,

Мен озиндей ак балан.

не керек барин издеп табасын,

жумсаганда барасын.
0 дауыс

            Ана мейірімі

Күніне жүзжырласам мен тоям ба?

Жас өрендер,сенің балғын шағыңды.

Өссе өнер,білім,талап талғамың

Барлап көрсең бар керегің алдағы,

7 жылдың кестесінен табылды.

Сол міндетті шықсақегер орындап,

Қандай дұшпан сындырмақшы сағымды.

Комунизм жаңа жолын меңзеген,

Кремльден ұлы дабыл қағылды!

0 дауыс
Асыл ана! Түсімде көрем сені,
Бұрынғыдай емессің неге еңселі?
Мен білсем, саған деген сағыныштың,
Осынау жұмыр жерде жоқ өлшемі.

Тербеп сол сағыныштың күшті ырғағы,
Елжіреп елесіңді құштым тағы.
Хат байлап қанатына жіберер ем,
Бармайды-ау, біздің жаққа құстың бәрі.

Не таптым, белден кетіп бетегелі?!
Қалаға қаңғыбас ой жетеледі.
Жақұттап жазу үшін осы өлеңді,
Он жылдық білімім де жетер еді.

Дүние шыр айналып шарайнадай,
Жолыма қала бердің қарай-қарай.
Қайырымсыз қалаға, мейірімді,
Қалдырып кете бергем қалай ғана-ай?!

Ал, бүгін ақын болды ақылды ұлың,
Жанымды жегідей жеп жатыр мұңым.
Ардақтап арнамасам саған өлең,
Адыра қалатындай ақындығым.

Білмеймін, бұл қаладан бақ табам ба?
Жабығып жүргендеймін жат ғаламда.
...Тарылған көшелері тас қаладан,
Тарыдай бір мейірім таппағанда,

Сені сағынып кетем, анашым! Қалқаман Сарин
0 дауыс
барлыгы оте жаксы
0 дауыс

Профессор Дикуль посоветовал проверенное средство для лечения суставов! Я всегда советую первым делом взять обычную... Подробнее Не колите ботокс! Морщины "сходят" сами, если каждое утро... Не верьте косметологам, можно не стареть, используя ... Қазақша шығарма: Асыл ана Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, Келтірген дүниеге нелер дана. Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ, Өмірдің алтын кілті сонда ғана, - дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана. Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен, Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең. Аналық махаббатың кәусар бұлақ, Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ. Адам “адам” болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған.....


Дереккөзі:https://www.******.com/xfsearch/%D0%90%D1%81%D1%8B%D0%BB+%D0%B0%D0%BD%D0%B0/

© www.******.com

0 дауыс

Балам деп ойлар анасы

Маңдайдағы сызығым,

Өмірдегі қызығым,

Сезермісің кештерде

Ана жүрек қызуын?

Көктеп шетін көрпенің,

Шексіз ойды шертемін;

Адастырып жүр ме екен

Шындық жайлы ертегім?

Тұла бойы тұнығым,

Тұлымшақты құлыным,

Әділетке сенгіш ең

Қандай екен бүгінің?

Самғап арман құстарың

Жүрсің үйден тысқары.

Өмірден тек «ғайып» боп

Қалқып жүрме ұшқары.

Мұнай кетті жат елге,

«Вахта тірлік» әкеңде-

Сансыз күндер сендерсіз

Мұңаюмен өтем бе?

Рахат тауып еңбектен,

Қымбат, сәнді көйлекпен

Жеткен екем түсімде

Несиесіз зейнетке.

Көзайымым, қырмызым,

Көгімдегі жұлдызым.

О, жаратқан қолдай жүр

Жадау елдің ұл – қызын.

0 дауыс
Қарыздармын,алдында сенің анашым.

Қарыздармын, білемін.

Сол қарызды ,келер мекен қолымнан ,

Өтеп кету өмірімнің соңынан.

Анашым,жан журегім, аяулым,

Тыныш болсын ,жанын сенің аяулы.

Не көргемедін,мына өмір сынақтан !?

Не бермедің,мына бізге шырақтан!?

Армандап,арманына жеттің бе !?

Тау үстінде ,өз туынды тіктін бе??

Құрмет тутам өзіңізді, анашым.

Кіші кезден мақсатым бар, алға қойган

Жетейін,болайын деп өзіңіздей

Бәлкім,ойлайтында шығарсын

Жетпейді, қадіріме менің деп.

Ойлайтында шығарсын, сезбейді деп

Көніліңде бір мұңын бар екенін.

Бәлкім , бәлкім ,

Өкінесің барына мендей қызын.

Дәл бүгін, айтайын мен жырымды ..

Иә,мойындаймын көп қателік жасадым

Ренжімейді деп журіп ,

Талай салдым ,сезіміне қаяу сенің..

Сурайын да ,жырымды да жырлайын

Кереметтей осы күні болайын

Кешірімді аяғына жаудырып,

Жүрегіңді, бір тербетіп қояйын.

Анашым,сураймын мен кешірімді тағы бір.

Кешірегөр ,мендей тентек қызынды.

Құтты бір ,көктем гулі секілдісін.

Құтты бір,күн секілди сүйкімдісін.

Күлімдей де ,жадырай жүре бергің.

Аспандағы ,нұрлы жұлдыз, шырағым.

Құтты болсын,тұған күнің,Аяулым.

Жүрегімнің жан серігі ,анатай .
0 дауыс
Анашым менің ардақты,
Өзіңмен өткен күн жақсы.

Жадырап, күліп жүрсеңіз,
Мен үшін артық сол бақыт.
0 дауыс
Алтын анам,жан анам,
Мен саған жақсы қыз болам.
Қартаймашы анашым,
Маған болшы жан анам.

Ұқсас сұрақтар

...