пастордың туыстары ақыр заманды әлемге насихаттау үшін миллиондаған қаржы жұмсапты.
Тілшіге Харольд ақыр заманның 21-ші мамыр күні болмағанына қуанғанын айтты.
"21 мамыр мен үшін өте ауыр және қиын күн болған. Мен шын жүрегімнен не болып жатқанына таң қалдым. Мен барлығын санап қойып едім ғой, белгілер мен дәлелдердің барлығы бір-біріне келіп еді ғой! Сонда не болып қалды-ау, құдай-ай, не болып жатыр деп, құдайға дұға оқыдым. Күні бойы оқып шықтым."
Сонымен 21 мамыр күні оның айтуынша "Елеусіз ақыр заман" болыпты. Сол күні бүкіл әлемде бес айлық тозақ басталып, қазан айының 21-інде нағыз ғарасат күні болады дейді тыным таппаған пастор. Енді ол 21 қазанға дерлік кепілдік беріп жатыр. Бірақ осыған сенетін адам табылар ма екен?
http://news.nur.kz/185081.html