Адам терісінің түсі, беттегі безеу мен дақтар, тіпті әжім мен қалдар ағзадағы ауру белгісі мен өзгерістен хабар береді екен. Тері түсінің бозғылттығы қаназдықтың белгісі болуы мүмкін. Кейде жүрек кеміс тігі жағдайында да тері бозғылттанады. Ал көгіс тартуы қан айналымы жеткіліксіздігінің, жүрек не болмаса өкпе ауруларының белгісі.
Беттің қызғылт түске енуі артериялық қысым жоғарылағанда, қан жүйесі ауруларында болады. Кейде бұл терінің жұқалығынан және қан тамырларының теріге жақын орналасуынан да болуы мүмкін.
Көздің астында қара шеңберлер пайда болса, бауыр не жүрек қызметі бұзылысының, не болмаса ұзаққа созылған шаршау белгісі болып табылады. Ал балалардағы мұндай белгі көбінесе аллергиядан. Беттің немесе көз астының ісінуі сұйықтықты көп қолданудың, бүйрек не жүрек ауруларының, қан айналымы бұзылысының белгісі. Сондықтан да қандай да бір амалдарды қолданбас бұрын ең алдымен дәрігерге көрініп алған жөн деп санаймын.