+2 дауыс
955 көрілді
Сұрақтың жабылу себебі: жақсы жауабы таңдалған

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
өзіңіз мұғалімнің баласысыз ба? мен білетіндерді бір сөзбен робот деп айтар ем
несімен Робот ? ..

))) _
тарбиесiмен!
Белгісіз
Келісуге болады)
өздеріне талапшыл, салынып қойған бағдарламамен оқып, жұмыс істеп жүретін сияқты.былай былай іс әрекеттері жоқ.мен білетіндер осылай.
кішкене "левый"-лау әрекеттері жоқ дейсің ғой.:)
+3 дауыс
Мұғалім-баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындыратын басты тұлға. Мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді,кешірімді болып келеді.Мұғалім ой-өрісі кең, жан-жақты білімді,өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айта білетін жан .Мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы.Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым- қатынаста болады. Бұл мінездеме мен осы уақытқа дейін көрген "жақсы" мұғалімдерге беріледі. Бұл мұғалімдердің балалары әрине тап осындай болмақ!
мен мұғалімнің қызымын, мамам да, папам да мұғалім))))...мұғалімнің балалары, олар: көп қыдырыстамайды, кештерге, дискотека т.с.с жерлерге бара бермейді, бұл мектеп кезінде әрине..бірақ ол ата-анаға байланысты ғой, кейбіреулері тәрбиелі, кейбіреулері керісінше болып келеді.......
+1 дауыс
Мен білетін мұғалімнің мен білетін баласы сабаққа жылына үш-ақ рет келеді. Сонымен қатар ... Барлық сабағы қанағаттандырылған ) _ Былай уақытта өзінің проектілерін жүзеге асыруда.
менің атам мұғалім, екі апам мұғалім, жеңешем мұғалім, анам мұғалім.
сонымен? менің сабағымның қанағаттандырылғаны жөнінде қандай әңгіме айта аласың?
сосын сұрақ иесі, мұғалім балаларын бөлек бір парода ретінде қарастырып отырған сияқтысыз.
дегенмен "мұғалім анам" мәдениеттілікке, сыйластыққа, әдептілікке, сыпайылыққа аз тәрбиеледі деп айта алмаймын.
Тамақ жеп болғаннан кейін рахмет деп айт, сіз деп сөйле, үлкендерге орын бер, өтірік айтпа, көп сөйлеме, нақты фактімен сөйле ...
бірақ мынадай тәлім тәрбиені кез келген "дұрыс" ата-ана беретін шығар деп ойлаймын.
негізі өзім былай өмірде өте сыпайы, әдепті баламын муахахаха рас айтам.
+1 дауыс
Біздің сыныптың тең жартысы мұғалімнің балалары.Мен білетін мұғалімнің балалары "Мынау мұғалімнің баласы,қандай тәртіпті!"-деп айтуға мүлдем келмейді.Мектептегі мұғалімдердің өздері де сол оқушылардың тәртіпсіздігіне қайран қалады.Енді қыздар жағы ондай емес.Тек ұлдар ғана.Күнделіктері тұрсымен 3-тік,2-лік,мектептегі жүрістері тіпті,жолда келе жатып мұғалімдерді иықтарынан қағып өтіп кетеді.Содан біле беруге болады тәртіптерін.Үнемі бір кітабын жоғалтып алады,жылдың аяғында несін тапсырарын білмей,бастарын қасып тұрады.Мектеп формасын мүлде кимейді.Үй тапсырмасын өлсе де орындамайды.1-қыркүйектен 25-мамырға дейін әркімнен ескеру алып жүреді.Әйтеуір бір бұзақылық жасауға әзір тұрады.Біз үнемі ойлаймыз:"Неге мұғалімнің балалары тәртіпті болудың орнына бәрін керісінше істейді?"-деп.
Жақсы жауап. Айтаберде тершеңдік туралы Сен жазып па ең...?
Маған айтыңдаршы тек мұғалімнің балалары ғана осындай ма екен? әке шешесі мұғалім болғандардың бәрі мінсіз болу керек па екен? мұғалімнің баласы, мұнайшының баласы, программисттің баласы деп бөліну қалып еді енді.
*программисттің баласы*(с) - Сенің балаң )

<br>
Мінсізі де бар, мінсіз емесі де бар, бұзақы да бар, бұзақы емесі де бар . . .бейтарап, әр отбасыда әрқалай...)
Уооот, тәртіпті не бұзақы болуы әке шешесінің мамандығына қарап қалған жоқ. әркімнің санасына байланысты деп ойлаймын.
қосыламын. Санада бәрі, санада
жалпы мұғалімдердің балалары әртүрлі болады: біреулері ,менің ата-анам мұғалім деп, көкірегін көтергенді жон корсе; енді біреулері, қарапайым бала болганды жон кореді. Ал мен бұлардың екеуінде көрдім.
...