0 дауыс
13.6k көрілді
Журналистика мамандығы мамандық емес... Бұл мамандықтың ғұмыры қысқа болмақ , кез-келген адам журналист бола алады -деп көп естідім...Сіздердің ойларыңыз қалай?

14 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаман мамандық болмайды! Жаман маман болады. Журналистерді яғни БАҚ өкілдерін төртінші билік иесі деп атайды. Журналистер қоғамның өткір мәселелерін көтеріп, от пен су кешіп тіпті өз бастарына қатер төндіріпте жүреді. Негізінен журналистика аса қауіпті мамандықтардың бірі. Қаншама журналистер осы мамандық иесі болып, тілімен сыбап өткір проблемамаларды айтқаны үшін қудалауға түсіп, өмірімен қош айтысты. Журналист болу үшін батыл болу керек. Сонда әліде кез-кезген адам журналист болады дейсізбе. Жо-жоқ қалай кез-келген адам болмақ? Қалай кез-келген адам өткір мәселе көтере алады? Қалай тілі шешен болмаса ол журналист бола алады? Қалай өз басын бәйгеге тіге алады? Иә, жасырмаймын соңғы кездері биліктің сойылын соғатын журналистер қаптап кетті. Атақ пен ақша үшін жүгіргендер ғой..... Бұл мамандық ешқашан ғұмыры қысқа болмақ емес. Тіпті мына ақпараттық төңкеріс заманында тіптен журналистер ауадай қажет. Егер сіз нағыз журналистерді көргем жоқ дейтін болсаңыз, онда [Жас Алаш газетін][1] оқуға кеңес беремін. Нағыз шындықты, әділдікті жазатын осы газет журналистері.
Содан кейін тағы мына жерлерді оқыңыз:
http://www.zonakz.net
http://abai.kz/
 

  [1]: http://www.zhasalash.kz
Шындық айтсаң жақпайсың деген осы міне. Қай пысық минустап шыққан екен бәрін?? Жауапты дұрыстап оқып алмай ойына келгенді істеп, минустап отырған біреу ғой....
0 дауыс
Сірә, бола алар (Жако ағай айтқандай, ақылы бар адамдар), бірақ тек шырылдаған шындықты ғана көрсететін журналистердің саны аз, тіпті жоқтың-қасы десек те болады....
+3 дауыс
Shuakh Kairatkyzy, қателесесің кез-келген адам журналист тұрмақ  ақымақ та бола алмайды, оған да ақыл керек.
+1 дауыс
Кез-келген адам журналист бола алатын шығар.Бірақ оқыған,білімді,сөзге шешен,барлық нәрседен хабары бар,сөйлегенде көрерменің,тыңдарманың іші-бауырына кіріп алатындай болса.міне сол нағыз жуналист.
0 дауыс
Әр бастамақ істе қиын болып келеді. Жалпы журналист мамандығы жақсы мамандық , сірә)) Журналист мамандығын әркім алып жүре алмайды. Пысық болу керек тағысын тағы. Кез- келген адам бола алады егерде оның алдына қойған мақсаты болса тек қана алға дейтін адамдар ғана мақсатына жетеді деп ойлаймын...
+3 дауыс
Төрт жыл ай қарадық па, жұлдыз санадық па? (с). Неге мамандық емес?? Неге онда универде оқытады деген сауалды қойып көрген жоқсыз ба? Журналистиканы оқымағандар тек қана телеарналарда жүргені болмаса, газет, журнал, радиоларда ондайлар кездеспейді. Очм, ештене жазғым келмей қалды:( Рахмет!
+3 дауыс
Қандай ма болмасын мамандықты игеру үшін адамда бір икемділік болу керек қой.
Кез-келген адам дәрігер, я болмаса психолог бола алмайды. Журналист болу үшін де тура солай.
Сондықтан, қабілет деген нәрсе болу керек қой)
+2 дауыс
сырт көзге солай болып корінуі мүмкін. Журналист болу әр адамның қолынан келе бермитін шаруа деп түсінемін,мен де сол мамандық бойынша қазірден бастап дайындалып жүрмін,көп ізденісті,шыдамдылықты қажет ететін мамандық.
+2 дауыс
Нағыз журналист, меніңше өзі сараптау жүргізетін, талдау жасай алатын адам. Бұлай жасау үшін, адам сауаттылығымен қоса, жан-жақты, өте білімді болуы керек.
+1 дауыс
Неге олай дейсіз.Менің жасым 12-де.Болашақ журналистпін.Міне  осы жастан бастап дайындалып жүрмін.Ғаламтордан журналист болу үшін не істеу керек,журналист сайттары осыларды қарап жүрмін.Осы жастан бастап дайындықты қажет етеді.Менің де қанша дайындалғаныммен журналист бола алмауым мүмкін.Кез-келген адам журналист бола алмайды.Газеттер мен журналдардың авторы терең ойды қозғап жазады.Менің де солай терең ой салатын  толып жатқан ой-пікірлерім бар.Болашақта соларды жеткізгім келеді.Көп сайттарға кіріп қарасам -Неге журналисттер ашуланып,ентігіп сөйлейді деп жазыпты.Енді олардың сөйлегені де жақпай ма ?,менің ойымша олар азаннан кешке дейін үзіліссіз жұмыс істейді ,халық тек сол жаңалықты тыңдап білсе болды емес пе ?.Әрине мәнермен анық жеткізу керек олар солай істеп жатыр,олардың ентіккеніне дейін талқылап жатады.  Журналистика ол ең қиын мамандық,

ал пәннен экономиканы жақсы оқып білу керек,
Қосылам +1. Менің де жасым 12-де. Менде болашақта журналистика мамандығын таңдап отырмын. Болашағымнан үлкен үміт күтемін. Сізге де сәттілік.
Менде болашақ тілшімін бұл туралы кандай сайттан білуге болады. Тілші мамандығына грант бар ма?
0 дауыс
Етіеген сөзін ерсі екен...

Кім айтса да қате ұғымды айтқан!

Журналист  болу кез-келген адамның қолынан келе бермейді!

Мен өзім қазіргі таңда осы мамандық бойынша білім алып жатырмын!
0 дауыс
Осы суракты койып отырган адамга мулдем косылмаймын.Карсымын. АРИНЕ, ар адамнын ойы ар турли болады . Сиз мумкин журналистика мамандыгы туралы толык канды билмитин шыгарсыз. Арине оны мен билмеймин.Бирак, биздин айтып жаткандарымызга карсы болып жатсаныз, журналист мамандарга осы суракты койып корерсиз немесе озиниз журналист болып кориниз. Балким сонда сурагыныздын жауабын табарсыз. Иа, жогарадагы апке- агаларымнын айтканына косыламые. Журналист - халык журегинин жаршысы. Ягни, кызыгы мен киындыгы катар журетин мамандык иелери.Сондыктан, тырнак астынан кир издеуди догаруларынызды сураймын. Мен озим де журналист болгым келеди. Менин жасым 13 те. Бирак, осы бастан дайындалсам , мумкин жолым ашылып халык конилинен шыгар журналисттердин бири болармын. Онын бари алдыда, бир Аллага аян. Жане де жогарыдагы синилилериме де саттилик тилеймин!
0 дауыс
Журналист білімді,тілге бай,сөзге шешен,еңбекқор болуы қажет.
0 дауыс
Неге гумыры кыска? Мен 14-темин бирак осы бастан изденудемин журналистика жастайынан изденушиликти талап ететин мамандык киындыктарымен кызыктары катар журетин мамандык ар мамандыктын оз киындыгы болады жане оган арким тусе алмайДы тускен куннин озинде онын корермендери болмайды белгили бир жетистикке жете алмайды окинишке орай томен ойлайтын адамдардын кесиринен бул мамандыкка тил тигизилип жатыр ☝
...