+1 дауыс
5.9k көрілді
Бет терім өзіме ұнамайды.Аздап құрғақ және жұмсақ болғанын қалаймын қандай маска жасауға болады?

4 жауап

0 дауыс
Майлы теріге арналған маска. Бұл үшін 1 жұмыртқаның ағуызын көпіршітіп, үстіне 1 шай қасық лимон шырынын қосу қажет. 5-7 минут сайын бірнеше мәрте жағып, масканы дымдалған мақтамен тазарту қажет.
Маскаларды қолдану нәтижесінде бет терісі үлбіреп, нәрленеді, егер маскаларды жақсы  өз орнымен пайдаланып жүрсе  беттің  терісі нәзіктене түседі!  Бұл маскалардың жасалу жолдарын   http://www.muslimwomen.com.kz/kk/content/  осы жерден алдым! алайда, айран мен қатық  жақсы көмектеседі, егер  сіздің бетіңіз құрғақ болса!
0 дауыс
Бет маскасының рецептері Майлы теріге арналғандары:

Белок маскасы. Бір жұ-мыртқаны жарады, оған бірнеше тамшы лимон қышқылын қосады, алынған қоспаны бетке жағады, құрғағаннан кейін сумен бетті жуады.

Календула маскасы. Мақ- таны жұқалап алып, кален-дуланың тұнбасына батырып алады (календуланың 1 ас қасығына жарты стақан су керек), сосын оны бетке басып, 20 минут ұстайды да, бет терісі тітіркенбесе, масканы жумай-ақ, бетті мақтамен сүртеді, үстіне опа себуге рұқсат.

Ашытқы маскасы. Та-ғамдық ашытқының кішкене бөлігін (15-20 г) сутегі тотығының 3 пайызды ерітіндісіне, айранға, немесе суға қою қаймақ тәріздендіріп езеді де, алынған қоспаны қалың етіп бетке жағып тастайды. Масканы қолдану уақыты біткен соң жылы сумен жуады. [толық][1]


  [1]: http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=60745
0 дауыс
"Огуречный лосьонды" пайдаланыңыз. Ол дәріханада сатылады(қымбат емес). Пайдалануды тоқтатпау керек. Азанда және кешке мақтаға лосьонды құйып бетке жағасыз. Майлы бетке жақсы және бетіңізді ағартады. Бұл жарнама емес)).
0 дауыс
Жылдамдатып оқып, Майл Агентке деп қалыппын..)))
...