Дұрыс айтады! Сіздің оны сүйгеніңізге оның түкіргені бар! Неге дейсіз ғой? Себебі: ол сізді сүймейді! Уот мәселе қайда, сіз сүйеді екенсіз де ал оған сүю бақыты бұйырмай ма немесе ол да біреуді сүюге қақысы жоқ па?
Сүйетініңіз рас болса, бірден оған сезіміңізді білдіру қателік болған. Яғни, асығыстық істегенсіз. Алғашында шынымен-ақ онымен дос болуыңыз керек те сөйтіп оның да сізді ұнатып, сүюіне жағдай жасау керек. Дос бола жүріп, жүрегін жауласаңыз мынадай сұрақ қоймаған болар едіңіз.
Мысалы, сізге сіз сүймейтін бір қыз "сені сүйемін, саған дос ретінде емес одан да жақын болғым келеді" десе келісер ме едіңіз? Өзіңізді сүймейтін қыз болған соң тіпті дөрелікке салынып, мүмкін пайдаланып та қалар ма едіңіз?!
Ал сіз сүйіп, ол сізді сүймейтін қыз сізге еш жамандық та ойлап жатқан жоқ.
Сүйесіз бе? Күресіңіз! Бірден лүп-лүп еттен жүрегіңізді ала жүгірмей!