Сағындым сені...
Сағындым сенің сұлу бейнеңді,
Сағындым мөлдіреген көздеріңді.
Сенсіз өмір сүре алмаймын,
Жаным менің кайта келші.
Жүрегімді жараладың сен ғана,
Сенсіз жаным мына өмірдің мәні бар ма?
Ұмытамын мен сені калай ғана,
Бақытым деп санадым ғой сені ғана.
САҒЫНЫП ЖҮРМІН ӨЗІНДІ
Қайғы мұңға жан-жүрегім малынып,
Жүрші жаным қасымнан сен табылып.
Ойлай-ойлай бір өзінді сүйіктім
Ерке құсым,жүрмін сені сағынып.
Сенсіз өмір сүруден мен жалығып,
Мына дүние бара ма әлде тарылып.
Махаббатқа имеуші едім басымды
Қалдым енді махаббатқа табынып.
Сені жаным сағындым қатты мен
Сені жаным сағындым қатты мен,
Тастап кеттің мені неге жаным сен.
Екі бөлек кеткеннен соң екеуміз,
Таңым атып, кунім батты көңілсіз.
Сен кеткен соң не істерімді білмедім,
Неге тастап кеткеніңді тағы білмедім.
Түсінбедім неге бұлай істедің,
Журегімді жараладың сен менің
Сені ойлап, сенi сүйіп жүріп ем,
Сенімен жылап, сенімен ойнап күліп ем.
Менсіз қалай өмірің сенің білмедім,
Сені ұмытып басқа аруды іздедім.
Бірақ сені ұмыту оңай емес,
Тағы сендей қыз маған керек емес!