Қандай қиындықты айтасыз?
Адам адам болғасын өмірде қаншама жағдайлар болады. Өмірдің өзі де ақ және қара жолақтары қатар орналасқан. Күннен соң түн, түннен соң күн келетіні сияқты, адам да бір күні бақытты болса, бір күні басын көтермес қайғыға душар болып жатады. Бірақ бір кездердегідей бүкіл елдің басына түскен алып қиыншылық жоқ. Шүкір, қазір елімізде (кейбір жағдайларды санамағанда) жағдай жақсы. Еңбек еткен адамға тамақ бар, көйлек көк. Ал, жеке бастың қиыншылықтары қашан да болады. Адамдарды жоғалту, сабақтағы қиындықтар, махаббатғы сәтсіздік. Ол-өмірдің заңы. Сіз мына өмірге сынақ үшін келдіңіз. Менің ойым бұл. Қандай ма қиындық болмасын өзіңізді қолға ұстай білңіз. Бастысы адамның бойында үлкен сенім болу керек. Болашаққа деген сенім! Босқа өсір сүрмеу керек, бір пайдалы іс жасауға, уақытты пайдалы іске жұмсауға тырысу керек! Әрі адам деген атқа лайық болу керек.
Көп сөздің түйіні, сол : күресе біліңіз! Оқыңыз! Біліңіз! Өмірдің тәттісін көоуге асығыңыз! Бірақ, ешқашан күрессіз мына өмірдің басқа салғанына оңай көне салмаңыз! Табанды болыңыз! Өлім әрқашанда келеді, ол анық нәрсе, бірақ сол өлім жеткенше артыңызға бұрылғанда дым істемей кеткенім бе деп қапаланбас үшін тек қана алға)