Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) тіл-көз тию немесе өзге ауруларға Алладан шипа тілеп үнемі оқитын дұғаларын оқып берсе болғаны. Мысалы, мына дұға: «Би-сим-Лляхи, йубри-кя, ва мин кулли дағин йашфи-кя, ва мин шарри хасидин иза хасада, ва мин шарри кулли зи ғайн!». Қазақша мағынасы: «Қызғаншақтың қызғаныш кесірінен, көз сұғының пәлесінен болған әрбір әлсізді аурудан құтқар деп Алладан сұраймын».
Бұл жерде ескеретін жайт имамды тәуіп, бақсы, балгер, сиқыршы дегендермен шатастырып алып жүрмеңіз. Егерде оларға барсаңыз сіздің балаңызға істеген барлық дұрыс амалыңыз теріске айналып кетпек.
Мынадай бір жайды есіңізге берік сақтаңыз. Сіздің балаңызға біреудің тіл-көзі тиеді екен, ал сіздің тіл-көзіңіз біреудің баласына тимеймей ме? Әрине тиеді. Ол үшін не істеу керек?
Бөтен баланың әдемілігіне қатты сүйініп, таң қалған жағдайда «Алланың құдіреті», «Алланың жаратқаны», «Мәшаллаһ» деп айту қажет. Ақиқатында, өз көзіңіз бен сөзіңіздің сұғын қайтаратын бірден-бір амал – оның тек ғана Алла тарапынан болғанын айту.
Мақаланы толық мына жерден оқыңыз.