+1 дауыс
4.8k көрілді
Естуім бар еді "үлкеннен теберік" деген тіркесті. Сый ма әлде естелік бір нәрсе ме? Теберікті тек үлкендер ғана бере ме және не үшін береді?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Теберік дегеніміз- *Үлкен кісілер қайтыс болғанда, бейіт басында немесе өлім шыққан үйде бір метр ақ торғынды шыт үлкендігіндей жыртып, жамағатқа таратылып беріледі. Міне бұл теберік деп аталады. Қаза болған кісі әйел адам болса жоғарыдағы теберікті тарқатудың сыртында, 40 инеге жіп сабақтап оған қоса бір кесектен шәй қосып, әйелдер қауымына жіп-шу деп тарқатады. Бұл дегендік тірлігінде қарыз алған жіп-шуы болуы ықтимал. Мойнына қарыз болып жүрмесін деген ойдан туындаған. Теберік ретінде қаза болған кісінің бетіне ұстаған шымылдықты жыртып тарататындарда бар. Бұлардың барлығы үшімен жетісі аралығында таратылып болуы керек*
0 дауыс
Улкен кисилердин немесе кариялардын киiмiн болмаса унаткан затын алып олардыкы теберiк дейдiгой. Солардын жасында жетейiк деген маганада айтылатын шыгар. :)
Золушканын жауабы сурагынызга жакындау. Менің әкемнің туған әпкесі 108 жасында кайтыс болды. Ол 103 жасында біздің ауылға төркіндеп келген болатын. Сонда біздің ауылдың бүкіл жасы кәрісі, әсіресе келіндер жеңгелер, теберік болсын деп...әлгі әпкеміздің отырға орнына отырып, шапапынын етігін сипалап ырымдап жатты. Демек, жұғысты болсын деген мағынада болса керек!
...