Татуировка – денсаулығымызға тигізер зияны турасында дәрігер мамандар аз айтып келе жатқан жоқ. Дәрігерлердің айтуы бойынша аталмыш ең әуелі жұқпалы ауруларды таратуға себепші болады екен.Сондай-ақ, татуаж салдырғандар тері рагына шалдығуы да мүмкін. Ал, сурет салдыру барысында пайдаланған бояулар қанмен араласып кетсе, адам қатерлі дертке шалдығып, оның өміріне қауіп төнеді. Татуировка – бұл терідегі сурет. Теріні піскілеп тесу арқылы оған бояу жағып, сурет салады. Мұндай сурет сумен жуылмайды және теріден өшпейді. Татуировканың уақытша және өмір бақи сақталатын түрі бар. Оның бәрі теріге енгізілетін бояудың химиялық құрамына байланысты.Аталған әдіс жиырмадан астам аурудың таралуына тікелей себепші болатындығынан-ақ бұл әрекеттердің адам өміріне қаншалықты қауіп туғызатынын аңғару қиын емес. Сонымен қатар, мамандар сурет салуда қолданылатын бояулар құрамында денатурат (спирт түрі), метил спирті, этиленгликоль, альдегидтер сияқты улағыш заттар болатындықтан, өз кезегінде олар да адам саулығына кері әсерін тигізбей қоймайтындыған айтады. Кейбір жағдайларда сурет салынған денеде аллергия пайда болуы да мүмкін. Денеге салынған суреттің көлемі қаншалықты үлкен болса, оның тарттырар азабы да соншалықты көп.