Сіз ақшада қаншалықты қадір - қасиет бар деп ойлайсыз? Сіздерге өз басымнан өткен оқиғаны айтып берейін: Өткенде бір бейтаныс кісі 200 теңгелік ақшаны орауын жазып, кітап ішіне мұқият қойып отыр екен, қасына барып сұрақ қойдым. Ағай неге бұлай ақшаны орауын жазып отырсыз бәрібір сізден өткеннен соң саудагерге барып қайтадан умаждалады деп ем, ол кісі айтты, мен ақшаны жақсы көрем сол себептен осылай жинаймын деді. Тағы сұрак қойдым, сіз ақшада қаншалықты қадір - қасиет бар деп ойлайсыз, ол кісі ойланбастан ақшанын қадір - қасиеті бар қалаған нәрсеңді сатып аласың деп жауап берді. Мен ойға қалып ақшада ешқандай қадір - қасиет жоқ деген ойға қалдым, өйткені жақсы жақтары қалағанынды аласың. Ал жаман жағы қасақана өлім, жезөкшелік, адам саудасы, дене мүшелері, ұрлық - қарлық т.б қылмыстық істерге себепші осы ақша. Ақшанын жақсы жағынан жаман жағы басым бұл менің ойым. Сіз қалай ойлайсыз?!