+4 дауыс
6.5k көрілді

Қас, кірпікті қалай ұзын қылып өсіруге болады?

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
СҮРМЕНІҢ ПАЙДАСЫ
 
  Сүрме көзді айқындап, үлкейтіп, әдемі көрсетеді әрі кірпікті өсіреді. Көздің шаршағанын басып, табиғи әрі жағымды әсер береді. Сонымен қатар көз ауруларына ем, көздің нерв тамырларының қызметін жақсартып, әртүрлі қабынулардан қорғайды...
  Көз күтімінде ежелгі косметикалық заттың бірі – сүрме. Сүрме (немесе арабша кохль, kohl) – ұнтақталған қара тас, сүрме сульфиды, басма, усьма және кастор, бадам (миндаль), қой майла­рынан, күйдірілген грек және бадам жаңғақтарынан жасалады.
  Сүрме адамзатқа ерте кезден-ақ белгілі болған. Сүрме мыңдаған жылдар бойы ірі шығыс сауда жолдарымен Вавилоннан Египетке, Қытайдан Сирияға, Арабия­дан Индияға жеткізіліп отырған. Сөйтіп, осы орайда сүрменің пайдалы қасиеттері мен қолдану тәсілдері ауыздан-ауызға таралып, шығыс медицинасы мен косметикасы жылдар бойы білім мен мол тәжірибеге толықты. Египетте, Араб түбегі мен Азияда арулар алғашқылардың бірі болып косметиканы қолдана білген. Сұлулық әлемінде Клеопатра, Шехрезада сынды шығыс аруларының аңызға ілінуі текке болмаса керек. Ежелгі шығыста сүрме құрамындағы заттар түрлі макияжға қолданылған. Әрбір қыз-келіншек көз бен қасқа арналған 5-6 сүрме түрлерін пайдаланған: күндізгі макияжға арналған немесе мерекелік макияжға арналған сүрме, емдік әсері бар сүрме, аптасына бірнеше мәрте көзді тазалауға арналған сүрме, көз шаршауын басуға арналған сүрме т.б.
  Ал Арабияда сүрмені ертеден қабаққа, қас пен кірпікке бояу ретінде қолданумен қатар, көзге емдік мақсатқа да пайдаланған. Сүрмемен тіпті жас баланың көзін «көз тимесін» әрі пайдалы деген мақсатпен жи­ектеп бояп қоятын болған.
  Жабир (оған Алла разы болсын) риуаят еткен ха­дисте Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Көздеріңді сүрмемен емдеңдер. Өйткені ол көздеріңді ашып, кірпіктеріңді бағады» дегені айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және: «Сүрмені пайдаланыңдар, ол шашты өсіреді және көзді айқындайды...» дегенін ат-Табарани (р.а.) жеткізген. Мұнда сүрме көздің көруін жақсартып, кірпікті өсіретіні және көздің жасаурауын тоқтататынын білдірген. Қазіргі медицина сүрменің көптеген пайдалы жақтарын анықтап, дәлелдеп отыр.
  Сүрмемен жасалған макияж тек көзді әрлеп қана қоймайды, сондай-ақ көз терісі мен кірпікті күтуге мүмкіндік береді. Сүрме көзді айқындап, үлкейтіп көрсетеді. Сонымен қатар көзді тазартады. Сүрмені көзге жаққанда оның кірпікке де пайдасы көп, ол кірпікті өсіреді әрі қоюландырады. Көздің шаршағанын басып, жағымды әрі табиғи әсер береді. Сүрме көзді әдемі көрсетумен қатар көз гигиенасына пайдалы. Сүрме көздің көруін жақсартып, конъюнктивиттер мен жара­ны емдейді және көзді түрлі қабынулардан қорғайды. Сүрме көздің шырышты қабығының тітіркенуін басады, осы орайда оның аллергияға қарсы емдік қасиеті бар. Сүрменің қара түсі көзді күннен қорғауда да өзіндік пайдасы бар көрінеді. Сүрме көзге жағымды әсер етумен қатар сапалы, көзге жаққан соң екі күнге дейін өшпей сақталады.
  Сүрме әдетте қатты, құрғақ, сонымен қатар түрлі- түсті болады. Сүрменің құрамына усьма қосылғанда сұры түсті болуы мүмкін. Мұндай сүрме аса пайдалы. Ол қас-кірпік пен шашты өсіруге тиімді көмектеседі. Оған қоса көз жасаурағанын басып, көзді тазартатын емдік қасиеті де бар. Күнара немесе аптасына бірнеше мәрте қолданудың пайдасы басым. Усьма қосылмаған таза сүрме көзді ашытпайды. Бұл сүрмені күндізгі және кешкі макияжға қолдануға болады.
Сүрменің көзге пайдалануға ең жақсы түрі - исмид. Ол әсіресе көруі нашаралаған егде адамдар үшін пайдалы. Ондай адамдар қолданарда сүрмеге аздаған мускус қосып пайдаланған жөн. Ол көзге жағымды әсер етіп, көздің нерв тамырларының қызметін жақсаратады. Со­нымен қатар исмидті ұнтақтап, маймен қосып қолданса, күйіктің күлдірегенін басуға, күйіктен пайда болған терідегі жараға пайдалы. Егер балмен араластырып қолданса, бас ауруына көмектесетін қасиеті де бар көрінеді.

  Сүрмеде қарсы көрсетілімі мен жарамдылық мерзімі болмайды. Құрғақ ұнтақ түрінде жиі қолданылады. Косметикалық өнімдердерге қарағанда, сүрмені қолдану пайдалы. Ол жасанды қоспаларсыз, табиғи болып келеді, сондықтан оны қабаққа, кірпіктің түбіне қолдағанда көздің шырышты қабатын тітіркендірмейді. Қабақтағы сүрмені емдік мақсатпен түнде ұйықтарда сүрт

 

 

+3 дауыс
жауап      http://muslimwomen.com.kz/kk/content/%D1%81%D2%AF%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D0%BF%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%8B алынды

Көп-көп рахмет!!!

0 дауыс
оқа емес
0 дауыс
Қасті және кірпікті ұзын қылып өсіруге болады мына сілтеміге басыныз - http://askabak.tomas.kz/p/295822-kz-kirpikti-zartatyn-ral-kareprost/
0 дауыс
Мен сарымын  қасым дұрыс көрінбейді. Мен қасымды сыздыртсам жарас
Жәй ғана бояп қойыңыз, татуаждың қажеті жоқ...
...