жылкы 7 жаска деиын калаи аталады?

0 дауыс
5.0k қаралым
жылкы 7 жаска деиын калаи аталады?
кунан   донен  секилды?
• Санаты: Жалпы сұрақ Белгісіз

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
құлын (биенің жас төлі),
жабағы (6 айдан асқан құлын),
тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:
құнажын байтал (2 жастан асқаны),
дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
бесті бие (4 жастан асқаны),
қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.

Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:
құнан айғыр (2 жастан асқаны),
дөнен айғыр (3 жастағысы),
сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
бесті айғыр (5 жастағысы),
сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
Бұл мағұлматтарды  http://kk.wikipedia.org сайтынан алдым!!!
рахмет  тамаша

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
127,818 сұрақ
322,428 жауап
153,155 пікір
72,968 қолданушы