Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезов 1897 жылы қазіргі Семей облысы Абай ауданында дүниеге келді. Алғашында атасы Әуезден мұсылманша сауат ашып, хат таниды. Кейін мұғалімдер семинариясында оқиды. Төңкеріс қарсаңында Алаш қозғалысының Семейдегі жұмысына қатысады.
20 жылдары Ленинград университетінде, Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасында оқиды. Бұл жылдары Мұхтар Әуезов әлем әдебиеті үлгісімен терең танысып, жан-жақты, кемел білім алып шығады.
Мұхтар Әуезовтің алғашқы шығармашыларының көлемдісі де, көркемі де прозалық әңгіме, повесть түрлерінде жасалды.Мұхтар Әуезов жиырмасыншы жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген әңгімелер ( “Қорғансыздың күні”, “Жетім” , “Жуандык”, “Ескілік көленкесінде”, “Кім кінәлі”, “Бартыма” т. б.) жазып, оларда ескі қазақ ауылының алуан түрлі әлеуметтік шындығын реалистік дәстүрде бейнелейді.“Қорғансыздың күні ” (1921) – жазушының алғашқы жарық көрген әнгімесі. Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.“Қорғансыздың күні” өзінің көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізді. Адам өмірінің қайталанбас, дара ерекшелігі әңгімеде шебер ашылған. Шығармада болыс Ақан, оның серігі Қалтай, пәк, сәби қыз Ғазиза, оның қарт әжесінің бейнелері өте шынайы көрінеді.“Жетім” деген әңгімеде Қасым атты жетім баланың қасіретті балалық шағы, Иса деген жамағайынның қорлығына шыдамай, ауылдан қашып шыққан бетінде, қараңғы түнде, тоғай ішінде өлгені айтылады.Өмірден зәбір көргендердің мұңы мен наласын үлкен әлеуметтік толғақты мәселе ретінде сипаттау сыншыл реализмнің негізгі белгісі еді.“Ескілік көлеңкесінде” ескі салт бойынша өлген апасының орнына кәрі жездесіне тоқалдыққа баруға ризалық білдірген, өзін сүйген жігіт Қабыштың тілегімен есептеспеген Жәмеш деген қыздың халі әңгімеленген. Мұхтар Әуезов өмір қайшылықтары мен теңсіздіктерін әр қырынан көрсету арқылы қазақ әдебиетінде психологиялық прозаның үлгілерін тудырды.“Жуандық” (1926) әңгімесінде момын кедей Жақсылықтың өз жолын тауып, ерікті, баянды өмір жасауға ұмтылғаны, бірақ бұрыннан кедей - кемтарды уысында ұстап, тізе батырып үйренген Әбіш, Құрман секілді байлардың оған қиянат, зорлық жасағаны көрсетіледі.Мұхтар Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы шығармашылығындағы негізгі тақырыптың бірі - әйел теңдігі. Шығармаларында өмір шындығына берік табан тіреп отыратын жазушы сол кезеңдегі қазақ әйелінің басындағы хал – ахуалды асырмай да, жасырмай да, қаз қалпында көрсетеді.
Бірде жазушы ата – анасының еркімен күйеуге шығып, тағдырына мойын ұсынған әйел тарихын (“Cөніп – жану”) әңгімелесе, екінші шығармасында сүйгеніне қосыла алмай, қүсадан өлген Ғазиза ( “Кім кінәлі” ) жайын сөз етеді.
Тағы бірде ( “Үйлену” ) әке әміріне көнбей, көңілі сүйген жігітімен қашып кеткен қыз хикаясына тоқталады.
*Сөздің тоқ етері Мұхтар Әуезов Футбол ойнамаған*