![enter image description here][1]
[1]:
Қазақ әскерінде қылмыс жасау азаймай тұр. Қазақстанның Әскери прокуратурасының мәліметінше, былтырғы жылы ғана әскерде 123 сарбаз қайтыс болған.
Яғни, 2010-жылмен салыстырғанда, елімізде сарбаздардың өлімі бір жарым есеге өскен. Бұл туралы бас әскери прокуратураның баспасөз қызметінің мамандары мәлімдеген. Еліміздің Қарулы Күштерінде өткен жылдың ішінде 123 сарбаз көз жұмса, 2010-жылы 86 оқиғамен жауынгерлер әртүрлі жағдайда қаза тапқан.
Ал, науқастанып қайтыс болған сарбаздардың саны 2011-жылы 33, 2010-жылы - 22 болған. Бұған қоса, әскерилердің 21-і алдыңғы жылы өз-өзіне қол жұмсаса, жол апатынан 42 сарбаз бақилық болыпты. Әскерде адам өлтіру фактісі бойынша, 5 қылмыстық іс қозғалған.
Ал, ұлдарын әскерге жіберуден қорқып қалған ата-аналар әскердегі тәртіпті реттеу керек, әлімжеттік жасауды тыю қажет, әйтпесе, оның салдары Арқанкергендегідей оқиғаларға соғуы мүмкін деп отыр.