+2 дауыс
6.4k көрілді
Арқалықта тұратындар барма?ол қандай қала?Университеті яғни Ы.Алтынсарин атындағы университеті қандай,білімі қандай?

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің туған жерім - Арқалық қаласы. Осы қаламен бірге өсіп дамып келе жатырмын. Иә, мүмкін қалада "торғайлықтар" көп шығар,бірақ олар жабайы емес. Жабайы болатындай олар біреудің басын жарып, не көшелерде айқай-шу шығарып,не адамдарға саусағын шошайтып па? Қазіргі таңда қаланы оңтүстіктің адамдары жаулап бара жатыр. Бірақ бұл жергілікті тұрғындар оларды жек көреді дегенді білдірмейді. Жек көрсек, олар үшін жатақхана саламыз ба? Тек біздердің менталитеттеріміз әр түрлі, сол себепті тілдескенде сәл түсініспеушіліктер болатынын жасырмаймын. Арқалық қазір кішкентай болғанымен, бұрын үлкен қала болған. Адамдар жан-жаққа көше бастағанда, біраз үйлер бос қалды. Осы себептен қаланың аумағы да кішірейді. Бәріміз қазақпыз ғой. Неге осыншама бір-бірімізді даттаймыз? Жарайды, сұрақтан ауытқып кетпейін. Біздің институтқа келсеңіз өкінбейсіз. Мұнда білімді адамның алдына ешқашан тосқауыл қойылмайды.
–1 дауыс
Хе, басың жаса ол қалаға барма! ондағы халықтың көбісі Торғайдан келген жабайылар, оңтүстіктен келген сен сияктыларды ЖЕК КӨРЕДІ!ал Арқалық қаласы моноқалалар қатарына жатады, онда бұзылған үйлер көп, орталығының өзінде 5 этажды бос қаңырап тұрған үйлер көп. ал Ы.Алтынсарин атындағы институтқа жақсы деп баға беремін.
P.S. Арқалықта бәрі бір бірін таниды АУЫЛ СИЯҚТЫ!
–2 дауыс
Онша емес, кішкентай. Ішінде дым жоқ ұнамайды. Алматыға жетпид!
0 дауыс
Аркалык мен Үшін тамаша кала. Барлық балалык шыгым осында отти. Балким Алматы секилди улкен кала емес шыгар, бирак бурындары керемет калалардын бири болган тарихи кала. Алматы не себепти улкен ари адеми деп ойлайсын себеби Казахстаннын бурынгы астанасы ари оган коп акшы болинеди. Егер балким бизгеде frif болгенде сен мактаган алматы мен бирдей болармеди. Ар кимге туган жеои ыстык кой кайда барсамда осы каламмен мактанап жане сагынамын.
0 дауыс
Дұрыс айтады! Әркімнің туып өскен жері ыстық. Мен қазіргі таңда Астанада оқыймын, бірақ туған жерім Шымкент қаласы. Бәріміз қарапайым отбасыда, көптің арасында өскен балдармыз. Бір бірімзді олай кемістпейік керсінше көмектесейік. Мен айтып жүрем туған жеріме барғанда солтүстікте мындайдай кіші қалалар бар екен ол жерде де таза қазақша сөйлейтін өзіміз секілді адамдар көпдеп. Керемет табиғаты да бар деп. Арқалыққа барып көргім келеді қандай екенін. Суреттерін көрген болатынмын.
0 дауыс
Арқалық - шағын қала болғанымен қазіргі таңда еліміздің моноқала бағдарламасы арқылы дамудың жаңа формасына көшті. Біздің қаламызға биыл 60 жыл толады. Келсеңіздер "өзіндік" кереметтерін көріп қимай кетерсіздер деп ойлаймын. Бұзылған үйлер сүріліп тасталғалы қашан. Еліміздің қай түкпірі болмасын мақтауға тұрарлық емеспе?! Жаны мен ары жоқтар айтса айта берсін, ауыздарынан жақсы сөз шықпаса не жасамақпыз!!! Туған жерімізбен тұрған жерімізді қадірлей білейік бауырлар!!!
0 дауыс
Расымен де кандай қала Аркалык мен конкурсты Аркалыкка берсем бе деп жатырмын Алтынсарин мектебын аяктадым енды Алтынсарин Универыне ойым бар онда сабактар калай Агылшын калай отыледы Агылшын орыс т. б тылдерге курстар ашылган ба
...