+3 дауыс
482 көрілді

4 жауап

+1 дауыс
Иә әлбетте 11 жылдық білімін тексереді. Сонымен қатар білім дәрежесі жоғары түлектерді оқу орындарына түсуін тексеру болып табылады.
+1 дауыс
Алдындары солай болатын, бірақ қазір ......мектептің программасында жоқ сұрақтар келген биылғы ҰБТ-да.
0 дауыс
Маңыратады (жылатады).
Бізде ҰБТ-ны өте күрделі етіп жіберді.
ҰБТ-ның кесірінен Қазақстан Республикасының талай жастары өз-өзіңе қол жұмсауға дейін барды.
Мектеп ұстаздары ҰБТ-ның тест, оған жақсылап дайындалу керек екенін неге айтпайды?!
Оны дабдыратып, шулатып оқушыларды қорқытады.
Одан қорыққан оқушылар ары қарай не болады?!
Жай ғана ой елегінен өткізсеңіз, мектептерде дәл осындай оқиғалар орын алады.
Ұстаздардың оқушыларды психологиялық жағынан да тәрбие бергені де дұрыс деп ойлаймын.
Ал ата-ана ше? Ұстаз - тек 45 минут ішінде пән бойынша бағдар беруші, ол психологиялық көмек беруші емес қой! Ата-ана қомқоршы болуы тиіс!
Әрине, айтқаныңыз орынды!
Сонда да, ұстаздар тарапынан сондай көмек керек.
Әрине, мен ылғи - ылғи психологиялық тұрғыдан көмек берсін демеймін.
Бірақ, оқушыларды, бітіруші түлектерге күш  -  жігер беріп, оларды қолдап отырса осының өзі түлектер үшін өте көп көмек болар еді...
0 дауыс
Негізінен ҰБТ арқылы 11 жылдық білімді сынаумен аса келісе қоймаймын, жарайды тест тапсырсын, қосымша өзі үшін, яғни жоғары оқу орнына түсуі үшін. Бірақ тест бойынша нашар баға алып, аттестат ала алмай қалумен келіскім келмейді. Бірақ біздің қолымызда тұрған дүние емес қой!
Қазір бар жерде білімді тестпен бағалау кең жайылған, мектеп бітірсе - тест, колледж бітірсе - тест, университеттің (жоғары оқу орны) 2 курсын бітірген соң - тест, жоғары оқу орнын бітірген соң - тест .... т.б.
Баланың өз білімін ауызша немесе қолымен жасап көрсетіп, біліктілігін дәлелдей алуы керек, жоқ олай емес, бәрін апарып тест парақшасына шұқшитып қояды...(((((
Өте дұрыс!
Толықтай келісемін.
Бірақ, дамыған мемлекеттерде ЕНТ арқылы білімін тексереді ғой.
Сондықтан, алып тастай алмайды.
Бірақ, сонда да басқаша жолмен шешуге болады колледждегі,т.б. тест мәселелерін.
...