0 дауыс
1.7k көрілді

2 жауап

0 дауыс
Әрине ол үшін бірінші жастардың білімін арттыру қажет. Екіншіден техникалық апараттарды көбейту керек. Апараттармен танысу арқылы оданда басқа апараттарды ойлап табу мүмкіншілігі артады. Үшіншіден шет елдерде білім алып, техникалық құралдарды құрастыруды меңгеруіне толық жағдай жасау қажет.
Халық саны керек
0 дауыс
Қазақстанда қай саланы болса да дамыту үшін шпормен, соткамен, ақшамен оқуға түсуді тоқтату керек, бұл біріншіден, ал екіншіден алтын белгі, үздік аттестаттарын қорғай алмаған мектеп директорларын ауыстыру қажет. Қалай болғанда да соларға талап қойса басқаша білім болар еді. Сорлы қазақтың маңдайы сауатсыз ұл-қыздардың қолында қалмасын десеңіздер, ең бірінші білімді қолға алу қажет. Мысалы алтын белгісін қорғаған оқушының мектеп директорына 5 миллион, сынып жетекшісіне 3 млн, 5 алған таңдау пәнінің мұғаліміне 2 млн теңгеден ақша берсе, міне қазақтың келешегі, медицинасы, технологиясының дамуы. Білім деңгейі өте төмен, кешегі ҰБТ-дан көрдіңіздер, қаншама оқушы талып-налып әйтеуір білгендерін істеп жатыр. Өте алмағандарын тексерушілерден көреді, өздерінің қаншама түндерді агентпен, түнгі клубтармен өткізгендерін айтпайды, тек кінәлі адамды іздейді. Осы төменгі көрсеткіштерді пайдаланып мектеп директорларын жазалау керек еді, тексерушілерді емес. Директорлар талап қойса білім баланың санасына оңай құйылады. Ата-ана, оқушы, мұғалім, директор-барлығының сенгені сотка, шпор. Білім керек болмаған оларға. Кітаптан көз алмай оқығандардың бәрі түсті ғой, олардың бәрі бірдей, еш артықшылығы жоқ. Қазақтың болашағы білімді ұрпақта.
...