+6 дауыс
653 көрілді
Көптен бері ойда жүрген жаңартуды жасап шықтым. Осы келбетке яғни 2 калонкалы сайтқа көшу қажеттілігі туындады. Бір шетінен сайттың кодына мен тым көп ауыртпалық салып, өзгерістер енгізіп тастаған болатынмын. Оларды алып тастап сайттың 1,52 нұсқасына ауыстырдым. (Жақында кодтағы қателерді жоятын жаңарту.)

Сайттың оң жағындағы Санаттарды алып тастадым, себебі сайттың келбетіне үйлеспей тұрған болатын. Оны өңдеумен әлек болдым, бірақ азірге CSS жұмыс жасап ыңғайы келмеді. Оны алдағы уақытта бір қол босағанда істеп тастармын. Есесіне оны Санттарды алып, менюдің қатарына қосып қойдым. Оң жақ калонкаға қосымша мүмкіншіліктер арқылы қажетті деген қосымшалар мен Баннерлер орналасатын болады.

Енді сайтқа ұялы телефон арқылы кіру өте жеңіл. Алдын сайттың ашылуы қиын болатын, енді ұялы телефонмен кіре берсеңіздер болады, сайт жеңіл ашылады.

Сайтың қолданушылардың ұсынысы боынша сайттың ең шетіндегі қара жолақты алып тастап, сайт толықтай ақ түсті фонға айналды. Сайта қажет деген түс таңдалынды. Енді осы түсте қалады деген ойдамын.  

Алдағы уақытта істеп қоятыным, Сұрақ іздеудің қасына Сұрақ Қою өрісін қосып қоюым мүмкін немесе Сұрақ Қою менюін аздап ерекшелеп қоямын. Жақсы жауапты таңдағандағы Белгіні өзгертіп кішірейтемін. Яғни таңдаулыға қосу батырмасымен бірдей болады.

Ең бастысы сайтымыз әлеуметтік желі емес, сондықтан артық фон т.б. қажет емес көздің мәтінді оқуына кедергі болмасын деп, арты ақ түс, мәтін қара әріптермен болуын қамтамасыз еттім.  Егер тағы да сәз өзгертулер болса, сіздермен санасып, қажет деп тапсам тез арада өңдеп қоюға тырысамын. Енді сіздердің ойларыңызды біле кетсем.

9 жауап

0 дауыс
Жаңа бір сайтқа кіріп, не болып жатыр екен???,-деп кіріп едім...Іші кешегіден гөрі жақсарып қалыпты.Қатты ұнады!Әйтпесе,кешегісі мүлде ұнамап еді.Біртүсті қызықсыз болып қалып еді,неге екенін қайдам...Ешкімнің суреті көрінбегесін бе,және де жауап жазу қиынға түсіп еді.Кіп-кішкентай жерге көзімді ауыртып әрең дегенде жазып едім кеше.Енді бұрынғы қалпындай болғасын қатты-қатты қуандым! Ай сайын осылай ауыстырып тұру керек сияқты. Болмаса бір келбеттен жалығып кетеді екенсің!!!!А, айтпақшы смайликтер қайда кеткен?Көңіл-күйімді білдірейін деп едім...Жоқ сияқты....
Айтпақшы,менде неге маман,күшті администратор деп тұр?Қызық екен...
Жақсы. Сол мына жаңартудан кейін Мәтінді өңдегіш яғнги Едиторды да соңғы нұсқасына ауыстырған едім. КӨрсетпей қалды. Алдағы уақытта істеп қоямын, смайликтер қайта шығатын етіп.
+1 дауыс
Админ дизайн енді жақсарып қалды. меню ұнады. түсреті де ашық, жарық болып қалған сияқты.  санаттарды алып тастағаның ұнамады.  
![enter image description here][1]

Ал жаңа дизайн құтты болсын. іске сәт. жарнама берушілер көбейе берсін (;
  [1]:
Абылай алдында сайттың алдыңғы бетіндегі суреттер аваға енгізген бойынша тек ені беріліп сурет толық болмай шыға беретін. Ол сайттың келбетіне сәл толықтау емес болып ыңғайсыз болып көрінетін. (Маған олай тұрғаны ұнамайтын еді :) ) Енді автоматты түрде тек Бас беттегі суретті және Белсенді қолданушыларың авасын бірдей пропорция болып көрсетілетін етіп қойдым.  Егер суретіміз созылмай әдемі болып көрсетілсін десеңіздер Суреттің ені мен биіктігі бірдей болғаны абзал. Сайтта суретті салғанда пропорция ретінде сақтай алмаймыз, сайтта қарастырылмаған. Тек әлеуметтік желі сайттарында істеп тұр. :) Сондықтан суретті арнайы сайттар арқылы пропорция етіп қырқып алып немесе, ең дұрысы  http://www.gravatar.com/ сайтын қолдану. Ары қарай Менің аккаунтым деген өріске кіріп Менің Gravatar көрсету таңдаса болды.
Санаттарды қайта қоямын, бірақ қазір емес. Сосын жазамын деп есімнен шығып кетіп. Сайтқа сурет салғанда оны Едитордағы сурет салу батырмасы арқылы емес, жай суретті керек жерге тек сілтемесін қоя салсаңдар, сайт өзі автоматты түрде суретті тартып алады. Бір шетінен сурет енгізілген соң суреттің үсіне шертсең ерекшеленіп көрсетіледі. Сондықтан тек суреттің адресін қарапайым ретінде тастай салсаңдар болды.
0 дауыс
"Менің жаңартуларым" бөліміне өткенде басқа қолданушылардың суреттері анық емес болып көрініп тұр.
Ал былайша кереметқо!
0 дауыс
Санат болғаны дұрыс еді, "Денсаулыққа" қатысты сұрақтарға ғана жауап жазып жүр едім.
иә сосын "сұрақ қою деген бір жасыл түспен ерекшеленіп тұру керек сияқты.  Әр түстің өзіндік қалыптасқан белгісі болады ғой. Қызыл рұқсат етілмеу, абайлаңыздар деген белгіні беретін секілді, жасыл түс керсіншесі. Түстерді кез келгенін қоя салмай мән беру керек сияқты.
Қалғандары ұнады) Рахмет.
0 дауыс
Ия сайт келбеті ұнады. Қолдануға болады.
0 дауыс
Сайттың дизайны ұнады.Керемет!!!Көз үйренбей жатыр.
бәрі жақсы СЖ сайтты болса болдығой
Сол го!!!!!
0 дауыс
Cмайликті алып тастапты.Бірақ http://www.smayliki.ru сайтындағы АшТиЭмЭл кодын жазса смайлик қойылады.Дизайн ұнай бастады!
+3 дауыс
Маған ұнады. Қайткенде де, өзіме онша ұнамаған жақтарын айтайын. Дегенмен, көпшілікке ұнайтын жағы көбірек.

Жоғарыдағы сайттың бөлімдері көп, кейбіреулері бір-бірін қайталайды:

- "Ілмектердің" жоғарыдағы бөлімдерде қажеті жоқ, яки сол жақта тұр;
- "Санаттарды" жоғарыдағы бөлімдерден оң жақтағы колонкаға (ілмектердің астына) көшіріп, олардың санын кішкене азайту керек сияқты;
- "Сұрақтар", "Жауапсыз сұрақтар", "Ыстық" - бірін бірі қайталайтын бөлімдер, бәрін біріктіріп, ішкі бөлімдердің санын көбейткен дұрыс сияқты;
- "Сұрақ қоюды" бөлек шығарып, оны форма ретінде қалдырған дұрыс сияқты;

Сол жақтағы кішкене колонканы дамыту керек. "Санаттар", "Ең көп қаралғандар", "Ең көп қойылатын сұрақ", "Ең үздік санат" деген сияқты категориялар керек сияқты. Әлеуметтік плагиндерді де қоссаң болады.

Сосын, негізгі бөлімнің жоғарғы жағына промоутед сұрақ/жауап деген бөлім ашуға кеңес беремін. Ең үздік жауапты сонда жариялап, қолданушыларға көрсетіп отыру үшін. Үлгі болғанға, әрі болашақта жарнама үшін де.

Ал былай, бәрі жақсы... Алдыңғысына қарағанда, әлдеқайда ыңғайлы :)
Жақсы ойлар айтыпсың Жалғас. Айтқан ойларыңның ішіндегі қолымнан келеді дегендерін істеп қоямын. Дұрыс айтасың бізге керегі де сол еді промоутед сұрақ/жауап.Оның да мәселесін шешіп қоямын! :) Әзірге қазір сол санаттты шығарып Менюден керек еместерін алып тастаймын!
0 дауыс
Маған өте қатты ұнады.Өте жақсы дизайнмен жасалған сайт
...