+2 дауыс
835 көрілді
Қазақстан республикасы өзінің тәуелсіздігін зорға деп алғанда, енді Еуразилық одақ деген бәле шықты ол бізге тиімсіз екені беп-белгілі.Ол бізге не керек?Одаққа кіреміз деп тәуелсіздігімізді жоғалтып алмаймыз ба?Сіздің ойыңыз қандай?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Еуразиялық одақ деген бәле болды шынымен. Еуразиялық одан кесірінен қырғызстанның көліктерін ішке кіргізбейді. Қазақстан алдағы уақытта Ресей нарығына ғана тәуелді болып қалуы мүмкін.  Бара-бара жерімізге көз салып, біртіндеп тәуелсіздігімізге нұқсан келтіруіде мүмкін.
0 дауыс
Саясаттан көп хабарым жоқ, дұрыс болар деп ойлаймын!
+2 дауыс
Егер Еуразиялық Одақ құрылса, онда бұл бұрынғы совет елдері кеңістігіндегі ЕуроОдақ тәрізді интеграциялық ұйымның бір нұқсасы пайда болар еді деп есептейді саясаттанушы Берік ӘБДІҒАЛИЕВ:

- Бір-бірінің алдындағы міндеттері, талаптары бар Еуропалық Одақ сияқты бұрынғы совет елдері арасында Еуразиялық Одақ құрылуы мүмкін. Оның негізін Қазақстан, Ресей, Белоруссия сияқты елдер құрайды. Осы елдер арасында алпауыт Ресей өз мүддесі тұрғысынан ұйымдастыруға тырысады. Сондықтан, Қазақстан осы ойында ұтылып қалмаса болғаны.

Әлі күнге дейін Еуразиялық Одаққа кіретін елдер қатары толық анықталған жоқ. Егер Қазақстан, Ресей, Белоруссия бұл идеяның бастамашылары ретінде көрінсе, Қырғызстан, Грузия, Тәжікстан оны қолдайтындықтарын білдірген. Ал Өзбекстан, Украина керісінше бұл ретте құлшыныс таныта қоймаған. Бірақ Қазақстан президенті бүгінгі күнге дейін ТМД кеңістігі ауқымында ЕуразЭҚ, Біртұтас Экономикалық Кеңістік тәрізді перспективалы ұйымдардың құрылғандығын, Өзбекстан кіргеннен кейін ЕурАзЭҚ Еуразиядағы 200 миллионнан астам халқы бар ең ірі ықпалдастық бірлестігіне айналғандығын ресей Думасы депутаттары алдында тілге тиек еткен. Дегенмен, Еуразиялық Одақ мәселесін былай қойғанның өзінде, бұған дейін құрылған қауымдастықтардың әлі реттелмеген, шикі тұстары бар екендігін алға тартады «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан БАЙМЕНОВ:

- Мысалы, Ортақ Экономикалық кеңістіктің идеясын қолдай отырып, бір нәрсені еске салғым келеді: Парламент сол БЭК жөніндегі құжаттарды ратификациялаған кезде құрамында Украина бар еді. Ал қазір Украина бастапқы ратификацияланған нормалар шеңберінен шығып кетті... Содан кейін, мысалы, Белоруссия сияқты мемлекетпен одақтасу қалай болады?! Бұл Одақтың адам құқықтары жөніндегі, демократия жөніндегі даму бағыты қалай болмақ? Осының барлығы терең талдауды қажет етеді. Сондықтан, меніңше, бұл - піспеген дүние.

Нұрсұлтан Назарабаевтың өзі Еуразиялық Одақ негізінен экономикалық одақ болатындығын айтқан болатын. Бірақ халықаралық экономикалық қарым-қатынас мамаманы Болатхан ТАЙЖАН бұл идеяның 12 жылдан соң қайта жандана бастауының көбірек саяси астары бар екендігін айтады:

- Егер қазіргі конъюктураны сөз ететін болсақ, Назарбаевқа Ресейдің қолдауы өте қажет. Өйткені, оның маңайына бүлік түсіп жатыр, ел ішінде саяси жағдай шиеленісіп жатыр. Сондықтан, ол билікте неғұрлым ұзағырақ отыру үшін Ресеймен неғұрлым жақындасқысы келеді.

Еуразиялық Одақ құру идеясын Қазақстан президентінің қазір белсенді түрде көтеруін ең алдымен Ресеймен қарым-қатынас тұрғысынан қарайды саясаттанушы Берік ӘБДІҒАЛИЕВ:

- Біріншіден, бұл - соңғы кездері Қазақстан Ресеймен жақындаса түсуі. Екіншіден, Ресейдің бұрынғы ТМД елдері қатысты ұлттық мүддесін қалпына келтіру саясатымен байланысты. Жалпы Қазақстан үшін Ресей бағыты өзекті болып тұрған шығар. Екінші жағынан, бұл Батыс елдері, АҚШ-қа берілген белгі сияқты: «Егер біздің мүддеміз, мақсаттармызды ескермесеңдер, Ресеймен жақындаса түсеміз», - деген...

Ал қатардағы алматылықтардың Еуразиялық Одақ құру идеясына көзқарастары әр түрлі:

- Саяси астары бар ғой деймін. Соңғы кездері ТМД-ның кейбір елдерінде түрлі бүлік, төңкеріс, билік ауысы болды ғой. Біздің билік соған сәйкес Ресеймен қарым-қатынасын нығайтып, сақтық шараларын жасап жатқан тәрізді. Ал бұрынғы мүддесін қалпына клетіруді көздейтін Ресей үшін ол елдермен одақтасу әр кез тиімді.

- Бұған дейін осы сияқты талай ұйымдар құрылды емес пе?! Бірақ одан бізідң еліміздің экономикалық пайда тапты дегенін естіген жоқпын!

- Мен жаңа одаққа қарсы емеспін. Осындай интеграциялық процестер арқылы Қазақстан сауда-саттық, экономикалық бағытта жаңа жетістіктерге жетеді деп ойлаймын.

- Мен қарсымын. «Ортақ өгізден оңаша бұзауым артық» дейді ғой. Меніңше, Еуразиялық Одақ - бұрынғы Кеңес Одағына қайтып оралу. Сондықтан, Қазақстанның өзінің сара жолы болуын қалаймын.

Еуразиялық Одақ құру идеясын Қазақстан президенті алғаш рет 1994-ші жылы наурыздың 29-ында Мәскеу мемлекеттік университеті оқытушылары мен студенттері алдында жария еткен болатын.
...