кездесейік достар өлеңін тауып берсеңіздер [жабық]

+2 дауыс
5.7k қаралым
кездесейік достар өлеңін тауып берсеңіздер сөзі бар бірақ музыкасы жоқ қайдан тапсам болады
 Кездесейік           
 
с. Е.Бағаев
ә. Б.Дәлденбаев
Он жыл бұрын нұрға толы жанымыз
Арман қуып кеткен едік бәріміз
Он күндей боп он жыл өтті, кездестік
Бас қосуға арналады әніміз
Достар, достар кетсек те біз есейіп
Бар қызығын өмірдің бір кешейік
Он жыл өтсін, жыл жиырма, жүз жыл өтсін
Амандықпен әрқашан кездесейік
Жүздесейік
Мериуерт толы, маржан толы көңілден
Бал бақыттың әсем әні төгілген
Дүниеге кірпіш болып қаланып
Орнымызды таптық бүгін өмірден
Достар, достар кетсек те біз есейіп
Бар қызығын өмірдің бір кешейік
Он жыл өтсін, жыл жиырма, жүз жыл өтсін
Амандықпен әрқашан кездесейік
Жүздесейік
Бір ұядан түлеп ұшқан құстарымыз
Жақсылық пен адалдыққа құштармыз
Еңбекпенен тіршілікке сән беріп
Достық туын әркез биік ұстармыз
Достар, достар кетсек те біз есейіп
Бар қызығын өмірдің бір кешейік
Он жыл өтсін, жыл жиырма, жүз жыл өтсін
Амандықпен әрқашан кездесейік
Жүздесейік
осы өлең
Сұрақтың жабылу себебі: Жауабы табылды!
Жалпы ән туралы

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
[Табылды))][1]
[1]:http://mp3dor.ru/download.php?action=download&ID=ZmlsZS8xNjY4NWViMGE0NjM1MTA5ZTM1YTIyYWY2YTllNjc2Nw&filename=-_i_i_estai_bekbergenov_id_278247233.mp3

Ұқсас сұрақтар

127,692 сұрақ
322,286 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы