0 дауыс
4.1k көрілді
радиоактивті элементтердің ашылуы?? Осы сұрақты тауып беріңдерші ертенге дейін керек физика пәнінен???

1 жауап

+1 дауыс
Радиохимия[1] — химияның радиоактивті заттардың, элементтердің, изотоптардың және ядро өзгерісінің физикалық, химиялық қасиеттерін зерттейтін, оларды алу, тазалау әдістерін қарастыратын саласы. Радиохимияның дамуы 19 ғ-дың аяғында француз ғалымдары П.Кюри мен М.Складовская-Кюридің табиғи заттардан радиоактивті элементтерді (полоний, радий) бөліп алуынан (1898) басталды. Радиохимияның дамуындағы бірінші кезеңде (1898 — 1913) бес радиоактивті элемент пен олардың 40 изотопы ашылды; екінші кезеңде (1914 — 33) табиғи радиоактивті элементтердің қасиеттері зерттелді және кристалдану, адсорбция, электролиз кезінде радиоактивті элементтердің әр түрлі фазаларда таралу заңдары ашылды; үшінші кезеңде (1934 — 45) жасанды радиоактивті изотоптар алу әдістері ашылды; төртінші кезеңде ядролық бөлшектер мен ядролық реакторларда үдеткіштер қолданыла бастады. Радиохимияның салалары: жалпы радиохимия, радиоактивті элементтер химиясы, ядролық өзгеру химиясы, қолданбалы радиохимия. Жалпы радиохимия радиоактивті изотоп шығаратын сәуле бойынша олардың өзгерістерін анықтап, қасиетін және өзара жанасып тұратын фазаларға таралу заңдылықтарын зерттейді. Радиоактивті элементтер химиясында зерттеу изотоптардың радиоактивтілігіне сүйеніп жүргізіледі. Ядролық өзгеру химиясы ядролық реакцияларды зерттейді. Ондағы өтетін химиялық өзгерістерді және түзілетін өнімдерді зерттеп, түзілген изотоптарды тұрақтандыру жолдарын қарастырады. Іолданбалы радиохимия радиоактивті изотоптарды бөлу, жинақтау, жүйелеу, тазалау, қолдану, жаңа түрлерін алуды, т.б. қарастырады. Радиохимиялық әдістер термодинамика, кинетика, т.б. салаларда қолданылады. Радиохимияда радиоактивті сәулелерді зерттейтін арнаулы құралдар: есептеуіштер, радиометрлер, т.б. пайдаланылады.
...