0 дауыс
46.2k көрілді
5-11 сынып аралығындағы сынып жетекшілерге арналған өлеңдер керек еді тезірек тауып берсеңіздер өте жақсы болады

7 жауап

0 дауыс
*Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын*

Ұстаздық ойдан нәр алған,
Өткізіп өмір, қыс, жазын.
Жалыннан жаны жаралған,
Қиын-ау жолы ұстаздың.
Ұшырып биік аспанға,
Қарлығаш қанат арманда.
Жақсылық үшін басқаға,
Күн менен түнін арнады.
Тапқандай содан бақытын,
Өрмелеп қиын асқарға.
Қалғандай ізі уақыттың,
Күмістей аппақ шаштарды.
Жинаған сырын жылдардың,
Кеңпейіл көңіл сандықтай.
Қамқоршы болмай шыдар кім,
Сезімі нәзік жанды ұқпай.
Шығарған мерей атағың,
Шәкіртке ұстаз анадай.
Қызықтар әрбір қадамын,
Ұстазға шәкірт баладай.

*Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.*



Жақсы көрем апайды,
Күліп сабақ үйреткен.
Жақсы көрем апайды,
Ән салдырып, билеткен.
Жақсы көрем апайды,
Ашуы жоқ, айқайы.
Ашуланған апайға,
Ұл-қыз басын шайқайды.
Жақсы көрем апайды,
Бәрімізді тең көрген.
Қызықтырып сабаққа,
Білім нәрін тең бөлген.
Жақсы көрем апайды,
Әділ қойған бағаны.
Жақсы көрем апайды,
Үлгі ісімен бағалы.


*ҰСТАЗДАР
Хан бол, мейлі қара бол,
дарын бол,мейлі ,дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
Аманат жүгін көтерген,
Ұстаздық оңай іс емес.
Шаршауын шәкірт өтеген,
Ұстаздар осал күш емес.
"Ұстазым" деген ұлы сөз,
жүректің берген бағасы.
Мұғалім - ұстаз бола алса,
баланың көп қой данасы.*

Әр сөзі мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын.
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын!
Ардақтаймыз ұстазды ұлағатты,
Жас жанға мейір нұрын ұялаттың.
Өзіңдей абзал жанды мақтан тұту,
Міндеті деп әркімнің ұран айттым!!
0 дауыс
Өте жаксы, осындай тақпақтар көп бола берсін. Маған ұнайды!
0 дауыс

Гулназ апай адалдык бар бойынызда

Арам ниет болмаган ойынызда

Жаман емес жаксы болсын деп тилейсиз


0 дауыс
Керемет бар олен унады
0 дауыс

Керемет екен маған қатты ұнады 

0 дауыс
Маған қатты ұнады.ТаМаШа.
0 дауыс
Осындай оленоленмен сенные арканда жаксы онер корсетып 1орын алдым "Рахмет"
...