Алдымен, өзіңіз нашар білетін сабақтардан дайындалған дұрыс, себебі оны жан жақты оқып үйренуге көп уақыт керек, сосын өзіңіз жақсы білетін сабақтарыңызды ҰБТ-ға 1-2 ай қалған кезде түгелімен қайталап шыққаныңыз жақсы. Негізі ҰБТ-ға жеке репетитор жалдап оқыған дұрыс, өз бетіңізше оқысаңыз да болады ғой, бірақ кейде өзіңізше жалқаулығыңыз ұстап қалса, кейін желаниеңіз болмай қалуы мүмкін...
ҰБТ-ға қалай дайындалған дұрыс?
1) Тақырып бойынша дайындалған дұрыс..Мысалы, шың кітаппен оқисыз, сосын жаттап, жаттағаныңыз бойынша тестпен дайындаласыз, енді сіз 2013 жылы тестке баратын болсаңыз, 2013 жылғы кітапшамен дайындалған әлдеқайда тиімді, себебі ҰБТ-ға келер жаңа сұрақтар, 2013 нұсқашада келеді, 100пайыз келеді деген сөз емес енді...
2) мен тарихтан көбіне былай дайындалдым: жаттайтын сөзімді диктофонға жазып алдым, соны күнде наушникпен тыңдап жүрдім, басымда 100 пайыз жатталған жоқ әрине, бірақ зрительский памятпен жатталды деп айта аламын, ертең тест белгілеген кезде көзіңе ыстық болып көрініп тұрады...
3) қазақ тілінен уаще дайындалмадым, тек тестпен жұмыс...
4) математикадан, тақырыпты жақсылап түсініп аламын да, үйге келіп соған қатысты есепті шығарамын, Бейсековтың кітабымен дайындалдым математикадан....Түсінбегеніңді апайыңнан сұрайсың..
5) Физикадан да тура солай, дайындалуға Рахышевтің кітабы жақсы деп айта аламын, физика таңдаған болсаңыз егер..
6) орыс тілінен уаще дайындалған жоқпын, тек тестпен өтті...
Жалпы, апайларымның көбі таңертең ерте тұрып, бір шыны аяқ кофе ішіп ал да, дайындала бер детін, әсіресе балғын баспен тарихты жаттаған дұрыс, ал түстерде қазақ тілі мен орыс тілінің кітапшасымен дайындалып, кешке математикадан шарит ету керек, сол кезде БАШКАТЫЙ боласың...
И сосын, тек кітапқа қадала бермей, концерт, іс шараларды да көріп тұрғаның дұрыс, себебі биыл сондай сұрақтар келді, жан-жағыңа қарап жүргеннің де зияны жоқ...