Укол салу... яғни инъекция жасау.
Оның да түрлері бар, тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көк тамырға деген секілді.
Сіздің сұрағаныңыз бұлшық етке инъекция жасау.
Жамбас бұлшық еті жұмсақ, жалпақ, және қалың болып кетеді ғой.
Тек жамбасқа емес, сан бұлшық етіне, кіндіктің айналасына да салуға болады. Бірақ ең қолайлысы, қауіпсізі сол жамбас болып табылады. Оны кез келген жеріне салуға болмайды, бір жамбасты ойша төртке бөліп шеткі - жоғарғы бөлігіне салу керек. Төменгі жағына салынып кетсе нерв талшықтарын зақымдап паралич болып қалуы мүмкін,
сондықтан медицина қызметкері болмаса өздігінен жамбасқа инъекция жасау ҚАУІПТІ!
Жалпы... Осы.