1-Тұрмыс-салт жырлары- қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.
Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:
тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),
дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),
үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),
мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),
өтірік өлеңдер, т.б.
2-Аққу ұшып көлге кетті,
Ақ сұңқар ұшып шөлге жетті,
Ол өз бетімен кеткен жоқ,
Әркім де баратын жөнге кетті.
Әңгіме дүние салған адам туралы. Оның өлгендігін естірту үшін әуелі осы тәрізді жұмбақтау, бейнелеу арқылы психологиялық даярлық жасап, сосын барып болған оқиғаны ашық баяндайды.
Бұл айтылған халық поэзиясындағы символдың ең күрделі, әдемі үлгілерін «Қамбар» эпосынан табуға болады.
3-Эпитет – заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық сипат береді. Мысалы, кеш деген сөз жалпы ұғымды, тәуліктің бір кезін, уақыт мезгілін білдіреді. Ал, қысқы кеш, не қоңыр кешдесек, ол көзге елестерліктей нақтылы бейне. Көптеген эпитеттерде ұлттық бояу-бедер болады. Мысалы, алма мойын, бота көз, қолаң шаш, қоңыр дауыс, ақша бетдеген сияқты бейнелі сөздерді алсақ, мұндағы сипаттамаларда қазақ поэзиясындағы, сөз өнеріндегі көркем ойлау жүйесіне тән өзгешелік бар.
4-Мақал - мәтелдер- әр халықтың өз даму тарихындабасынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялықойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялықоралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері.
Абаймұрасы мақал, мәтелге айналған ақыл-нақылды өлеңжолдарына бай
5-Жар жар (ғұрып). Ұзатылған қыз тойында қыз жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап, баратын жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Мұның бәрі өлеңмен айтылатындқтан «Жар жар» қызықты болып естіледі. Мысалы: «Жар жарды» жігіт былай бастайды:
Алып келген базардан,
Қара насыр, жар жар ау
Қара мақпал сәукеле,
Шашың басар, жар жар ау!
Мұнда әкем қалды деп,
Қам жемеңіз, жар жар ау
Жақсы болса қайны атаң,
Орнын басар, жар жар ау!
Қыз былай деп жауап қайтарады:
Есік алды қара су,
Майдан болсын, жар жар ау.
Ақ жүзімді көргендей,
Айнам болсын жар жар ау.
Қайын атасы бар дейді ау,
Осы қазақ, жар жар ау
Айналайын әкемдей,
Қайдан болсын, жар жар ау!
Беташар(дәстүр). «Уә әлеумет! Енді беташар тыңдайық!». Жаңа түскен келінді «беташар» дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі «беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыс туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда «Беташар» жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар «көрімдік» береді. Бет ашатын жігіт ән жырды желдірте, көңілді көтере жыр төгуі керек.
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Анау мынау демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз,
деп бастаған әнші жігіт жас келіннің аталған жақындарына лайық әзіл қалжыңдарын араластыра «көрімдік» сұрап, жұртты көңілді күлкіге қарқ қылады. «Беташар» тойдың басы әрі сәні, жас келіннің жаңа өмірге бет алғанын білдіретін қызықты, салтанатты, ажарлы дәстүрлердің бірі.
6-Теңеу, эпитет- затты, нәрсені, құбылыстынемесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Халықтілінде тұрақты теңеу (алтын көпір, бұйра толқын, сын сағат, берік байлам, ыстықықыласт. б.) мол ұшырасады. Абайпоэзиясында теңеудің көптеген түрлері бар болмысымен, қиысымен қолданылған. Әсіресе, «Шокпардай кекілі бар, камық кұлақ» өлеңінде аттың сынына байланысты қолданылған теңеу осының жарқын мысалы болып табылады; «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бакен қабақ»; «Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті»; «Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс»,[1]сол сияқты, терең ой, терең сөз, терең ғылым сияқты теңеулер де Абайданбастау алған троптар. Мысалы : «Түбі терең сез артық, бір байқарсың», «Терең ой, терең ғылым іздемейді».
7-Ертегі–фольклордыңнегізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халықпрозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркемпроза.Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Құрылымы
Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.
8-Уфффффффффффффффф