СҰРША ҚЫЗ
Жаяу Мұса
Қаратау кейде қарлы, кейде қарсыз,
Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз,
Дарияның жарға соққан толқынындай,
Көз салған көрінгенге көңіл арсыз.
Қайырмасы:
Әндір, әндір, әндір-ай,
Ішімді оттай жандырды-ай,
Ғашық болып қосылып.
Құмарымды қандырды-ай.
Сөйтіп жүрген Сұрша қыз,
Көңілімді қалдырды-ай,
Ахау, Сұрша қыз, енді есен бол!
Неше жыл жүрсем дағы мен айдауда,
Шыдаймын, қажымаймын денім сауда.
Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам,
Сұрша қыз, көрісерміз Баянтауда.
Қайырмасы: