+1 дауыс
15.1k көрілді

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Аяулы Ана! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз! Арамызда бүгінгі күндей жарқырап, күліп-ойнап жүре беріңіз!

 

          Өмірдің әр қырынан іздеп арай,

          Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.

          Алпыстың асуынан еркін асып,

          Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
0 дауыс
Айналайын ақ пеоіштем анашым
Ұлың үшін қызың үшін дарасың
Қате кетсе кемшілігін кешіріп
Әр ата ана қолдайды ғой баласын
Адм бол деп жетілдірдің оқыттың
Әкемізбен тауып жүріп жарасым
Аямадың білгеніңді біз үшін
Бағалаймыз еңбегіңнің бағасын
0 дауыс
Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз бар.
     Ендеше Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да.
    Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін!
    Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!

Ұқсас сұрақтар

...