+6 дауыс
2.5k көрілді
бұрыңғы аңыз бойынша

12 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Сенемін, Сонау 70-ші жылдарда аулымызда Садан деген атамыз болған екен.Сол  кісі бір өзі бір тоқтыны бәс тігіп жеп кете береді екен. Сорпасынан да ішеді екен. Өзі онша да дәу адам болмаған дейді. Көрген адамдардың әлі де көбінің көзі тірі.Семіз етті асықпай жеп,сүйектерін тазалап мүжіп, одан соң сорпасын ішеді екен.Адамдар жеңілгенін мойндаған соң бірақ тұрады екен де,есігінің алдында суы мұздай терең құдығы бар екен,соған түсіп мойнын ғана шығарып 1-2 сағат отырады екен.Сонда судың бетіне екі елідей болып май кілкіп шығып тоңып қалады екен дейді көргендер. Шығады екен де түк болмағандай кете береді екен,жарықтық.
шек қарындары қатып қалмайма екен?
Қатпайды,себебі жегені ешкі емес қойдың еті ғой.Ешкі болса майы тоңып қалар еді.
+8 дауыс

Сенемін! Егер сол аңызды мына жерге салып қойсаңыз, тіпті шүбәсіз сенер едім...)) (Өзім ол аңызды оқымаппын және мен жалғыз емеспін-ау, сірә... Сондықтан қазақ интернетінің дамуы мен аңызды естімеген  көптегееен адамға көмегіңізді жасаңыз...) cheeky

....................smiley

+7 дауыс
Ия кезінде батырларымыз айлап-жылдап согысып келіп жейтін болған дейді аңыз бойынша!
+7 дауыс
Мен сенемін. "Әурелең" атты фильмде солай болдаы ғой. Бір кісіге бір жылқының ба, қойдың ба есімде жоқ, әйтеуір гиннестің рекордттар кітабына ену үшін жегізеді ғой.
Иә-иә, бұл фильм есімде, ол қойдың еті...
+6 дауыс
Аңыз қайда? .......
Иә, аңызды білетіндер болса, бес минуттарыңызды қиып, мына жерге кіргізіп қойсаңыздааар...
+5 дауыс

Әрине!!! Ас берген шақтарда да көкпар секілді дәстүрлердің қатарына да кірген секілді. Яғни бір қойдың етін жеп жарысатын болған батырлар!

+4 дауыс

Әрине сенемін

+5 дауыс
Бір қойдың етін бір өзі жеу үшін әнеу мінеу адам керек емес шығар! Нағыз батырлардың қолынан келген нәрсегой! қазіргі кезде 1 тарелка сорпаныда ішпейміз, коп дейміз)))
+4 дауыс
Сенемін. Өйткені біз қазақпыз.  Қазақта әзіл-қалжын, салт-дәстүр, аңыз дегендер шын болып келеді. Оған сенуге болады!
+5 дауыс

Осындай қазақ болса жеп қояды

+5 дауыс
сенем,қазақта талай ғажап адамжар болған
+4 дауыс
Әр сал-сері өзінің жанына жыршы-күйшілерін, балуандарын, мешкейлерін ертіп жүретін болған. Ет жеген адам (әлгіндей көлемде) суға түспесе жазым болады. Одан бөлек Ұлы Қазақ халқында деңгене деген салт бар. 2-3 жігіт байдың үйіне келеді де, деңгене жеуге келдік дейді. Бай семіз қойын сойып, қазанға салдырады. Піскен етті сорпасымен бірге әлгі 2-3 жігіт жеп тауысу керек. Тауысса қой сұраусыз. Тауыса алмаса орнына 2 қой төлейді.
...