Сенемін, Сонау 70-ші жылдарда аулымызда Садан деген атамыз болған екен.Сол кісі бір өзі бір тоқтыны бәс тігіп жеп кете береді екен. Сорпасынан да ішеді екен. Өзі онша да дәу адам болмаған дейді. Көрген адамдардың әлі де көбінің көзі тірі.Семіз етті асықпай жеп,сүйектерін тазалап мүжіп, одан соң сорпасын ішеді екен.Адамдар жеңілгенін мойндаған соң бірақ тұрады екен де,есігінің алдында суы мұздай терең құдығы бар екен,соған түсіп мойнын ғана шығарып 1-2 сағат отырады екен.Сонда судың бетіне екі елідей болып май кілкіп шығып тоңып қалады екен дейді көргендер. Шығады екен де түк болмағандай кете береді екен,жарықтық.