+4 дауыс
764 көрілді
Ассалаумағалейкүм, сұрақ-жауап сайтының қолданушылары.

Бұрындары Windows 7-ні еш қиындықсыз орната беретін едiм. Осы жолы қатты састым...

Бұл былық "Бэтмен: Аркхем Сити" ойынын ойнаудан басталды.

Ойынның қызығына батып, ойнап жатқан кезде кенеттен монитор өз-өзінен жыпылықтап, клавиатура клавиштері өзіне тиісті қызметін дұрыс атқармай, компьютер "қуа" бастады. Содан не істеймін? *Перезагрузка* жасадым. Комп әдетте тиқылдап, биос терезесінен кейін лезде логотипін ойнақшытып, "Добро пожаловать в Виндоус" деп қарсы алатын еді. Бұл жолы компьютер тиқылымен косылып, биос терезесі көрсетіліп, логотип ойнақшығанымен, одан кейінгі қарсы алудың орнына қара фонда быжынаған аппақ ағылшынша жазулар өрбіп кетті. Жаңағы жазулар жоғарыға қарай жүгіріп жатыр, жүгіріп жатыр. Ағылшыншам шамалы болғасын, жазулардың мағынасына мән бере қоймадым. Шамамен 15 минут өткенде жазулар да тоқтады-ау. Көп күттірген қарсы алу терезесі шыға ма десем, жоқ, компьютер өшіп, қайтадан қосылды да, жаңағы "желаяқ" жазуларымен қайтадан "қанды ішті".

"Осы ойынды я бір бағдарламаны дұрыс орнатпадым-ау" деген оймен қайтадан *перезагрузка* жасап, F8 арқылы шақырылатын "Восстановление системы" қызметін байқап көрдім. Түк те шықпады. Содан, амалым қалмағасын, ОЖ-ны қайта орнатуға бел будым.

Мен үшін "жетінің" бір жақсысы - оның қатқыл дистктегі жүйе орнатылған бөлімін (*разделын*) еш форматтамай орнатылу мүмкіндігінде еді, яғни менің *разделды* форматтамай жетіні орнату мақсатым - сол *разделда* қалып койған қажетті файлдарымды екінші *разделға* көшіріп, жойдырмай аман алып қалу болатын (қалған қажет емесін жойып тастайтыным, сірә, айтпаса да түсінікті).

Сөйтіп, *переустановканы* әдеттегідей еш қиындықсыз жасадым. Қажетті құжаттарымды да екінші *разделға* көшіріп алдым. Енді калған қажет емес бұрынғы виндоус файлдары мен папкаларын жоймақ ниетпен Удалить дегенді бассам, *задачалар панелінен* зып етіп ескерту шыға келді. Есімде қалғаны - ескерту chkdsk.exe утилитасын қосу туралы еді. Ал файлдар жойылмайды, жоюға әрекеттенген сайын жаңағындай chkdsk туралы ескерту шыға береді. Тіпті жойылмайтын файлдарды жоятын Unlocker-дің өзі жоя алмады.

*Аказывайыца*, chkdsk - қатқыл дисктердің қателерін тексеріп, түзететін Windows-тің төл утилитасы екен. Манағы "желаяқ" жазулар осы утилита процесінің *отчеттары* екен.

Қайтадан переустановка жасауға бел будым. Бұл жолғы мақсатым - *разделды* форматтау арқылы ОЖ-ны орнату, егер *разделды* форматтап жіберсем, қате де ізім-қайым жоғалады деген ой ғой менікі.

Сасқаным осы жерден басталады. *Разделды* форматтадым да, *переустановканы* бастап жібердім. *Переустановка* соңына таяғанда chkdsk туралы қате шығып, *переустановкаға отмена* жасалады. Бірнеше рет қайталап *переустановка* жасап көрдім. Дәл сол нәтиже. XP-мен де бірнеше мәрте ниеттеніп көрдім. Болмады. Орнатылу процесі аяғына дейін бармай компьютер өшіп қалады. Енді сервис орталығына апармақшымын.

Содан мені мазалап жүрген сұрақтар:
1) бұл *проблема* неден туындады екен?
2) бұл *проблеманың* шешімі бар ма? Компьютер жөндеуге келе ме? Әлде ғұмыры бітті ме?
3) Егер жөндеуге келсе, қалай жөндейді?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Проблеманың шығу бірнеше себебі болуы мүмкін:
1) Винчестердің кластерлерінің зақымдануы
2) Винчестер контроллерлерінің компта болмауы
3) Алдыңғы ОЖ-дан қалып кеткен разделдердегі қателік.

Шешілу жолдары:
1) Виндоусты орнатып жатқанда барлық разделдерді өшіріп, жаңа разделдер создать етіп, NTFS-те тез форматтап аласын.
2) Виндоусты установка етесін, сәтті орнатылуы керек. Егер орнатылмаса әрі қарай жүреміз.
3) Сенің компютеріңнің биосының версиясына байланысты БИОС-қа кіріп, винчестердің баптауларына кіріп, мынадай настройкаларды ауыстырасын: AHCI, sata-raid, Sata Native Mode.
4) Қайтадан Виндоусты орнатасын. Егер бұдан да кейін болмаса, АУЫР АРТИЛЕРИЯНЫ көмекке шақырамыз.

АУЫР АРТИЛЕРИЯНЫ ҚОЛДАНУ (тек қана тәжрибесі бар қолданушыларға):
1) Acronis disk director 11.0 және Victoria программасы керек болады.
2) Victoria-ға кіріп дисктің кластерлерін тексертуге жібересін. Ол қателерді тауып, оларды жөндеп шығады.
3) Acronis-ке кіресін, разделдерді барлығын өшіріп, жаңасын создать етіп, форматтауға жібересін.
4) Бұларды істеген соң винданы орната берсең болады, проблема болмауы керек!

Соңғы сөз: Негізі, бірінші айтқандарды істеген соң-ақ жақсы боп қалуы керек...
Рахмет, бауырым. Біліп жүретін болдым.
+1 дауыс
шатырсызбен ой бөлісіңіздер, халайық:). Жүрегі абзал компьютер техниктері, әсіресе сіздерден өтініп сұраймын.
+2 дауыс
менде мундай жагдай болган...сен прогты BIOS аркылы cd-га койып орнатсан орнатылады...жане дисканнан ошибка шыкпасын егер ошибка шыкса дискадан егер дискан жана болса онда сен жесткий дисканды дурыстап форматта
...