+5 дауыс
21.9k көрілді

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақ эстрадасы тағы бір ауыр қазаға тап болды Бүгін таңертен Алматы Талдықорған тас жолында жол апатынан айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың зайыбы, белгілі әнші Ажар Түзелбекқызы көз жұмды. Ажар Түзелбекқызы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы Тасты ауылында дүниеге келген. Ажардың «Сағындым сені», «Анаға хат», «Бақыттымын» әндері халық арасында кеңінен таралған. Марқұмның артында Нұрайша, Нұрсұлтан, Ерғанат есімді үш баласы қалды. Осыдан 7 жыл бұрын 15 қараша күні туған өлкесі Алатаудың бөктерінде жатқан Шонжы тас жолының бойында Ораз ақын да жол апатынан опат болған еді. Ажар Түзелбекқызын туыстары туған жеріне анасының қасына жерлемек. Көбейхан НҰРАХМЕТ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Жол көлік апаты таңғы сағат 5.30 шамасында болған. Алматы Талдықорған тас жолының 49 шақырымында. Белгілісі «Кия ферата» автокөлігінде үш адам болған. Автокөлік терекке соғылған. Жолаушылары Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілген. Ажар Түзелбекқызы ауруханада бір сағаттан кейін қайтыс болған.»

 

0 дауыс

Баста сенбеген едім. Еларнадан көрсеткен соң барып сендім. Өкінішті...

...