+3 дауыс
6.8k көрілді
МАИ қызметкерлерінің бір жаманы боқтап сөйлейді,сосын ауызды иіскеп,жазықсыз ішкенсің деп шығады.Тағы бір жаманы ауылдан келетін көліктердің  "жигули" сияқты ескілерін ұстап,шырылдатып ақшасын сыпырады.Крутой машиналарды жібереді.Елде тәртіп деген қайда өзі?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Тәртіпті, жүргізушілердің өздері бұзады, сіздің іс-әрекетіңізден заңды білмейтініңізді біліп, олар шалқая түседі.
Мәселенкей: көп жүргізушілердің МАИ тоқтатқандағы әрекеті:
Машинадан түсіп, МАИ қызметкерінің өзін таныстырып болмастан *(кейде таныстыруға да үлгермей қалады)*, неге тоқтатқанын сұрамастан Бәке, Сәке, Командир, Аға, Көке, - деп жүгіріп барып, құжаттарын бере салады. Міне, осы салғырттықтан бәрі басталады. Сосын олар, *(мынадан 1-2 тиын жырып қалайын деп)* сізден мін іздей бастайды, табады, әр нәрсені көп қылып, мыжып айта бастайды. Ақырында, заң білмеген ұтылады, білген құтырады. Сөйтіп, бармақ басты - көз қыстыға жол беріп, екеуіде риза боп, бір-бірінен құтылады.

Ал бұл заң жүзінде былай болу керек: *(сіздің сұрағыңызға жауап ретінде, қарамен белгілеп кетейін)*
*(ҚР Ішкі істер ми­нистрінің 2011 жылғы 1 қыркүйек­тегі№ бұй­рығымен бекітілген ҚР ішкі істер ор­ганда­рының жол қозғалы­сы қауіпсіздігін қам­та­масыз ету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚТАН үзінді)*

* Жол қозғалы­сына қаты­сушы­лар­мен қарым-қаты­нас жа­сасу кезінде жол по­лици­ясы­ның қыз­меткер­лері оң қолын бас киіміне апа­рып өзін та­ныс­ты­руы, өз ла­уазы­мын, ар­на­улы атағы мен аты-жөнін ата­уы, көлік құра­лын тоқта­ту­ының се­бебі ту­ралы ай­туы тиіс.
* Жол по­лици­ясы қыз­меткері көлік құра­лын тоқтатқан жағдай­да де­реу жүргізушіге келіп тоқта­ту се­бебін түсіндіреді, аза­мат­тарға ілти­пат­ты, ізгілікті және сый­ла­сым­ды қарым-қаты­насқа негізде­луі тиіс.
* Аза­мат­тармен әңгіме­лес­кен кез­де жол по­лици­ясы­ның қыз­меткер­лері са­быр­лы­лық пен ұстам­ды­лық көрсе­туге міндетті, да­улас­пай, өзін-өзі ұстап, дөрекілікке дөрекілікпен жа­уап бер­мейді.
* Сізге ішімдік ішкеніңіз жөнінде айып тағылған кезде, арнаулы құрылғымен (алкотестер) тексеру, протокол толтыру екі куәгердің көмегімен жүзеге асырылады. Егер сіз алкотестерге күдікпен қарасаңыз, МАИ қызметкерлерімен бірге мед. орталыққа барып, қайта тексерілуіңізге құқығыңыз бар.
* Ал, көне машиналарды ұстаудың ең бірінші себебі, олардың техникалық жағының дұрыс, түгел болмауынан *(сыртының лас болуы, бір фарасы жанбауы, алдыңғы әйнегінің жарылуы, айнасы жоқ, есігін жіппен байлап қойғандар, 4 доңғалақтың протекторларының суреті бірдей болмауы, т.б., дегендей)*

Қысқасы, ЗАҢ мен ТӘРТІПТІ білген бала, мәшинәсімен тауда ойнайды.
+2 дауыс
Бұндай жағдайларды дәлелдеу керек. Сонда жазаларын алады
...