Билайннан билайнға қалай бірлікті (единица) ауыстыруға болады???

+2 дауыс
27.1k қаралым
• Санаты: Ұялы телефон

1 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Өз шотыңыздан Beeline басқа абонентінің шотына ақша аудару үшін мына әмірді теру қажет:

жұлдызша145жұлдызшателефон нөмірі*аударым сомасы# және шақыру пернесі немесе мынадай мәтінмен SMS жіберу керек: <абоненттің телефон нөмірі>бос орын<аударым сомасы> 145 нөміріне.
Абоненттің нөмірін тергенде "+7" немесе "8" терудің қажеті жоқ.

5 минут ішінде аударымды болдырмау мүмкіндігі бар.
Ол үшін мына әмірді теру қажет: 1450# және шақыру пернесі.

Өзіңіздің мобильді телефоныңыздан «Мобильді аударым» қызметіне тыйым салу мүмкіндігі бар. Ол үшін 1450000# әмірін теру қажет.
«Мобильді аударым» қызметін қайтадан қосу Компанияның Call-орталығына немесе ашық кеңсесіне жүгінген кезде жүргізіледі.

Ұқсас сұрақтар

127,777 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,815 қолданушы